2023 жылы 12 айдың қорытындысы бойынша, теміржол кәсіпорындары байланысты қызметтен шамамен 119,5 млрд теңге, әуе көлігі саласындағы кәсіпорындар – 731,9 млрд теңге табыс түсті. Бірінші жағдайда номиналды жылдық өсім 22%, екіншісінде – 24% құрады, деп хабарлайды Статистика бюросы.

Сонымен қатар, соңғы бір жылда компаниялардың қызметтері қымбаттағанын ескеру қажет. Тұтынушыларға арналған теміржол саласында қызмет көрсету бағасы ресми статистика бойынша 18,2%, авиациялық секторда 19% өсті. Осы көрсеткіштер бойынша түзетілген жолаушылар тасымалының нақты көлемі темір жол саласы бойынша 4%, ал әуе секторы бойынша 5% өсті.

Екі жағдайда да клиенттер де көбейді, бірақ мұнда өсу қарқыны мүлдем басқаша. Бір жылда пойызбен 19,8 миллионға жуық жолаушы тасымалданды, жылдыө өсім 2,1%, әуе көлігімен – 13,3 миллион жолаушы тасымалданды, өсім 20,7%.