2021 жылы Қазақстанда 110 мыңнан астам көлік сатылады, Қазақстан автобизнес қауымдастығы.
Қауымдастық мәліметінше, биыл жыл соңына дейін 110-115 мың автокөлік сатылмақ. Бұл соңғы бес жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Келер жылы дистрибьютерлер нарықты В+ санаттағы көліктермен толтырмақ.
Қыркүйек айында 10,5 мың жаңа жеңіл және коммерциялық көлік сатылды. Бұл былтырғы қыркүйектен 3,3% көп. Алайда, микрочимтердің тапшылығынан бір брендтің сатылым төмендеп кеткен. Дегенмен, алдағы уақытта сатылым көрсеткіші қайта орнына келмек.
Үш тоқсан қорытындысы бойынша, сатылым көлемі 36,3% ұлғайған. Үш тоқсанда 86,6 мың көлік сатылды.
Бренттер бойынша көш басында Chevrolet – 22 383 (+523,5%), Hyundai екінші орында 17 758 (+55,2%), үшінші орында Toyota 10 404 (+32,6%).
Одан кейін артынша Kia (6 993; +49,1%), Lada 5 660 (-58%). Volkswagen,3 398 (+103,2%). Nissan 2 577 (+55%), Renault (2 510; +33,4%), JAC (1 896; +49,5%) және Lexus (1290; +15%).
Айта кетейік, биыл барлық модельдердің сатылымы көбейген, тек Лада сатылымы ғана төмендеді.
Модельдер бойынша бірінші орында Chevrolet Cobalt (10 769) пен Chevrolet Nexia (9 112 единиц). Үшінші орында Hyundai Accent – 7 502.
Артынша Kia Rio (4 084), Toyota Camry (4 077), Hyundai Creta (2 943), Toyota RAV4 (2 473), Volkswagen Polo (2 321), Hyundai Tucson (1 978), Hyundai Elantra (1 966) және Lada Vesta (1 932).