Қазақстандықтар тамаққа көбірек ақша жұмсап, аз жей бастады, деп хабарлайды статистика бюросы.
9 айда бөлшек саудада 4,24 трлн теңгенің азық-түлік өнімдері сатылды. 2022 жылдың сәйкес кезеңіне нақты бағамен өсім 10,8% (411,8 млрд теңге).
Бірақ бөлшек сауда желілері арқылы сатылатын азық-түлік тауарларының көлемі 6,4% (2022 жылдың 9 айымен салыстырғанда) азайды.
Ақшалай есептегенде қаңтар-қыркүйек айларында инфляция ескермегенде әдетте азық-түлікті бөлшек сауда үнемі өсіп отырады. Ал көлемі бойынша 3 жыл қатарынан азайып келеді. Яғни, уақыт өткен сайын халықтың тамаққа жұмсайтын шығыны көбейгенімен, іс жүзінде тамақтануы азайып келеді тұрақты түрде.
Қаңтар-қыркүйек айларында 14 өңірде бөлшек саудада сатылатын азық-түлік тауарларының көлемі азайды.