Қаржы министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге салық пен төлемдерді 1 шілдеге дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған бұйрық жобасында айтылған.
Мемлекеттік кірістер комитетінің бұйрығының жобасында жергілікті әкімдіктер су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізілген салық төлеушілерге:
- барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша 1 шілдеге дейін кейінге қалдыруды қамтамасыз етсін;
- салық есептілігін тапсыру мерзімін 1 шілдеге ауыстыру;
- орындалмаған салықтық мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi және салық берешегін мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қабылдауды 1 шілдеге дейiн тоқтатсын;
- мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартсын;
- тоқтата тұру мерзімін тексеруге және талап қою мерзімдеріне қоспай, салықтық тексерулерді 1 шілдеге дейін тоқтата тұруға;
- мерзімі өткен салық міндеттемелері бойынша өсімпұлдарды есептеуді тоқтата тұру.
Бұйрық қабылданған жағдайда ол 2024 жылғы 1 наурыздан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады. Құжат 29 сәуірге дейін талқыланады.