2023 жылдың тоғыз айында Қазақстаннан 121,7 млн доллардың 42,4 мың тонна ет және ет өнімдері экспортталды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5% артық, деп хабарлайды cтатбюро.
Жыл басынан бері 118,3 млн долларға 40,3 мың тонна ет экспортталған, ал өткен жылы осы кезеңде 104 млн долларға 30,4 мың тонна ет экспортталды, көрсеткіш 32,5% өсті.
Бұл санатта ең көп экспорт көлемі мұздатылған ірі қара мал етінде байқалды – 4,4 есе (171 тонна – 2023 ж., 38,3 тонна – 2022 ж.), ал салқындатылған ірі қара мал етінің экспорты өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 12 ,6% азайды ( 11,8 мың тонна – 2023, 13,5 мың тонна – 2022).
Осы кезеңде жалпы сомасы 3,3 млн долларға 2 мың тонна ет өнімдері экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2% артық. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бұл көрсеткіш 3,8 млн доллар, 1,8 мың тонна.