Бірінші жартыжылдықта Қазақстан 3,5 млн қонақ қабылдады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21% (625 мың адамға) көп.
Көрсетілген қызмет көлемі де өсті. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 30,9 млрд теңгеге өсіп, 98,7 млрд теңгені құрады.
Орналастыру орнының саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 83-ке өсті.
Орналастыру түрлері бойынша қонақтардың негізгі үлесі мейрамханасы бар қонақүйлерде болды – келушілердің 54%, аңшылық және балық аулау орындарында демалғандардың ең аз саны – 190 адам.
Келушілер санының ең көп өсімі Атырау облысында байқалды – 2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 57% артық. Маңғыстау облысында өсім 39%-ды құрады.
Тұру орындарына келушілер саны өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда Түркістан облысында – 2% және Шымкентте – 1% азайған.