2023 жылы шетелдік кәсіпорындардағы орташа жалақы елдегі жалпы орташа жалақыдан 1,7 есе жоғары болды — тиісінше 604,1 мың теңге және 364,3 мың теңге.
Тау-кен саласындаға шетелдік кәсіпорындар өз қызметкерлеріне жалпы орташа жалақыдан тек 14% ғана жоғары жалақы төлейді — тиісінше 877,6 мың теңге және 771 мың теңге.
IT салада айырмашылық 58%-ды құрайды — тиісінше 1,35 млн теңге және 857,1 мың теңге.
Қай салада шетелдік компаниялар отандық компаниялардан анағұрлым көп төлейді десеңіз, ол орта білім беру саласы.
Шетелдік компанияда жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысы елдегі орташа жалақыдан 3,2 есе жоғары — тиісінше 1 млн теңге және 316,5 мың теңге.