Astana International Exchange (AIX) шағын және орта бизнеске облигациялар шығаруды ұсынады. Бұл облигация түрі шағын және орташа кәсіпорындардың капитал нарығындағы мүмкіндіктерді пайдаланып, белгілі бір лимит шеңберінде, қысқа мерзімге қаражат (теңге) тартуына арналған. 

AIX биржасы листинг талаптарына өзгеріс енгізіп, шағын және орта бизнес үшін стандартты тарифтерді қайта қарады. Алайда, компаниялар қарыздарын уақытылы төлеп отыруы үшін арнайы міндеттемелер енгізді. 

«AIX биржасының негізгі мақсаттарының бірі  - өздерінің бизнестерін ары қарай дамыту үшін қосымша қаражатты қажет ететін әртүрлі саладағы кәсіпорындардың қажеттіліктеріне сай шешімдер табу. Қарыз капиталы нарығына шығу оларға қаражат көздерін әртараптандыруға мүмкіндік береді», дейді нарықтар мен өнімдер жөніндегі басқарушы директор Біржан Астаев .

Шағын және орта бизнес облигациялары туралы толық ақпаратты AIX вебсайтында «Ережелер мен Қағидалар» парақшасынан табуға болады.