Алматы әкімі Ерболат Досаев үкімет отырысында құрылыс көрсеткіштерінің төмен болуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Құрылыс және тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқынының бәсеңдеуі, әкімнің айтуынша, 2023 жылдың мамырында қабылданған Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспарға байланысты.
«Мемлекет басшысының нысандардың сейсмикалық қауіпсіздігін күшейту, шөгінділерді жою және қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ Алматы қаласын полицентрлік дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін даму жоспарында тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемін 2024 жылы 2 млн шаршы метрге дейін қысқарту көзделген. Жалпы, құрылыс бойынша құрылыс маусымының басталуын ескере отырып, ағымдағы жылдың сәуір айының соңында оң динамика күтеміз», – деді Ерболат Досаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүған дейін үй құрылысына инвестиция азайып кеткенін хабарлаған едік.
Сонымен қатар, Алматыда үйді жалдау да, сатып алу да арзандағаны айтылған.