Алматыда соңғы сегіз жылда алғаш рет пәтер бағасы, соның ішінде жаңасы да, қайталама нарықтағысы да, жалдау да бірден арзандады.
Оңтүстік астананың тұрғын үй нарығындағы баға ақпан айында қаңтармен салыстырғанда үш санат бойынша бірден төмендеді. Бұл 2016 жылдың мамыр айынан бері алғаш рет, деп хабарлайды статистика бюросы.
Пәтерді жалдау 2,9% арзандады, жаңа пәтерлерді сату 1,4%, қайталама санаттағы пәтер екінші ай қатарынан 0,4% арзандады.
Ал жалпы елде жаңа тұрғын үй бағасы жалпы өсті, бірақ шамалы ғана, +0,4%. Аздап төмендеу Алматыдан басқа Қарағандыда (-0,3%) және Павлодарда (-0,1%) байқалды.
Қайталама нарықтағы баға республика бойынша +1,7% қымбаттаса, қайталама нарық Астанада айтарлықтай өсуде, +5,3%.
Республика бойынша жалдау ақысы 1,2%, әсіресе Семейде 4,4% арзандады.