2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қор нарығын капиталдандыру сәуір айында 1,4 трлн теңгеге немесе 3,9% ұлғайып, 36,2 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бастап – 1,7% өсім).
Акциялар нарығын капиталдандыру 5,7% немесе 1,2 трлн теңгеге 22,8 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бастап – 7,7% өсу).
2023 жылғы сәуірде KASE индексі 3 559,9 тармаққа дейін 6,2% өсті. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда тізімдерінде 88 эмитенттің 102 акциясы болды. Биыл сәуірде акциялармен сауда-саттық көлемі бір айда 166,3% немесе 26,3 млрд теңгеге ұлғайып, 42,1 млрд теңгені құрады.
Корпоративтік облигациялар нарығы 2023 жылғы сәуірде 0,9% немесе 122,5 млрд теңгеге 13,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бастап – 7,2% төмендеді).
Ағымдағы жылғы сәуір айында корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 129,9 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 8,9% немесе 12,8 млрд теңгеге төмен.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 89 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 363 шығарылымы болды.
2023 жылғы сәуірде KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 29,2% немесе 49,9 млрд теңгеге 220,4 млрд теңгеге дейін өсті.
«KASE Global» секторында 44 акция атауы мен шетелдік эмитенттердің 12 ETF болды. 2023 жылғы сәуірде «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі өткен аймен салыстырғанда 30,0%-ға немесе 0,5 млрд теңгеге төмендеп, 1,2 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2023 жылғы сәуірде 2% немесе 0,4 трлн теңгеге 23,2 трлн теңгеге дейін өсті.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың KASE-дегі сауда-саттық көлемі 2023 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша бір айда 86,5% немесе 399 млрд теңгеге ұлғайып, 860 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 96,8% немесе 334,1 млрд теңгеге 679,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұжымдық инвестициялар нарығында 45 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 24 аралық, 20 жабық және 1 ашық пай қоры.
Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтер негізінен ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздар портфелінің төмендеуі есебінен ағымдағы жылғы сәуірде 2,3 млрд теңгеге немесе 0,8% азайып, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 284,7 млрд теңгені құрады.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 248,1 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 87,1%-ын бағалы қағаздар портфелі құрады, оның 95,6%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.
Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 39 брокер мен дилер (16 банк және 23 банктік емес ұйым), 10 кастодиан банк, 20 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 2 инфрақұрылымдық ұйым: KASE және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді. Бұдан басқа, КASE негізінде орталық контрагент жұмыс істейді.
Биыл сәуірде инвесторлар санының өсуі жалғасты. Депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 682 778 қосалқы шотқа дейін 3 266 немесе 0,5% өсті (2023 жылдың басынан бері 24,1% немесе 132,6 мың қосалқы шотқа өсу).
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері ағымдағы жылғы сәуірде 11,4% ұлғайып 668,9 млрд теңгені құрады (2023 жылдың басынан бері 15,5% өсу), 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 235,8 млрд теңгені құрады. 2023 жылғы сәуірде міндеттемелер 35,1% 175 млрд теңгеге дейін өсті. Меншікті капитал 1,6 % 433,1 млрд теңгеге дейін өсті.