Сауд Арабиясының астанасында өтіп жатқан LEAP 2024 беделді технологиялық форумы шеңберінде "CodiPlay" білім беру технологиялары саласындағы қазақстандық стартап "Artificially Intelligent Learning Assistant" (бұдан әрі - AILA) - мен стратегиялық әріптестік туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қою Технологияларды дамытудың ұлттық бағдарламасы (NDTP) мен Сауд Арабиясының Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің (КТИМ) қолдауымен өтті, ал Қазақстан тарапынан Қазақстанның Сауд Арабия Корольдігіндегі елшілігі қолдау көрсетті. Бұл серіктестік Сауд Арабиясының 200 мектебінде "CodiPlay" озық білім беру инновациялық шешімдерін енгізуге жол ашады.
CodiPlay - бұл оқушылардың IT сауаттылығын дамытуға бағытталған кешенді білім беру шешімі. CodiPlay қолданбасы мобильді ойындарды пайдаланып Scratch, C++ және Python тілдерінде бағдарламалау дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді. Компания жүйесінде қосымшадан бөлек, бағдаршамнан бастап ақылды үй жүйесіне дейінгі әртүрлі IoT (Internet of Things) жобаларын жасауға арналған макеттер мен бөліктерден тұратын CodiKit" жиынтықтары да бар. Сондай-ақ, стартап мұғалімдерді қолдау мақсатында "CodiTeach" веб-платформасын да дайындаған.
Осы стратегиялық ынтымақтастық шеңберінде "CodiPlay" Сауд Арабиясы аумағында білім беру инновацияларын дамытудың жаңа тарауын ашуда. Бұл серіктестік пен стартап өнімінің 200 жергілікті мектептің білім беру процесіне енгізілуі компанияның патшалықтағы ықпалының едәуір кеңейетіндігін көрсетеді. Инновациялық өнімді енгізу IT технологиялар секторында білім беру сапасын жақсартуға және жастарды болашақ мамандықтарына дайындауға бағытталған Vision 2030* бастамасының негізгі мақсаттарына тікелей ықпал етеді.
Өз кезегінде, "AILA" үшін бұл одақ Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Индонезия және Катар сияқты "CodiPlay " жүйесіне интеграцияланған елдердің білім беру жүйелеріне ықпал ету мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл "AILA" стратегиялық қадамы "Codiplay"құрған жаһандық білім беру желісіндегі ықпалды кеңейту арқылы Сауд Арабиясы шеңберінде ғана емес, одан тыс жерлерде де білім беру дайындығы мен технологиялық құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған.
"Біз білім сапасын арттыру бойынша ортақ мақсаттарды бөлісіп қана қоймай, осы мақсаттың елдің тұрақты болашағын құрудағы ерекше маңызды екеніне кәміл сенеміз. Біздің "AILA" - мен серіктестігіміз инновацияға деген қарапайым ұмтылыстан қана емес, бұл біздің осы ауқымды өзгерістерге қосқан үлесіміздің кепілі. Біз бірлесіп жастарды тек озық технологиялармен ғана емес, сондай – ақ олардың серпінді өзгеріп жатқан әлемде сәтті бейімделуіне және өркендеуіне мүмкіндік беретін терең біліммен қамтамасыз етуге тырысамыз", - дейді Codiplay СЕО-сы Жанаділ Талдыбаев.
"AI Learning Assistant (AILA) мен "CodiPlay" арасындағы ынтымақтастық Сауд Арабиясының білім беру жүйесі шеңберінде, оның ішінде IT-білім беру саласында Vision 2030 бағдарламасының негізгі мақсатына тамаша сәйкес келетін жаңа дәуірдің басталуын білдіреді. Біздің мақсатымыз - технологиялық дамуға ықпал ететін IT энтузиастарының жаңа буынын тәрбиелеу. Біз бірге еліміздің балаларына пайдалы болатын және Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағына, сондай-ақ білім берудің жаңа стандарттарын белгілей отырып, әлемдік деңгейге шығуға мүмкіндік беретін IT-білім берудің инновациялық моделін жасай алатынымызға сенімдімін", - дейді AILA директоры Юсеф Альсаид.
"Бүгін, дәл осы жерде, біздің елде AILA және CodiPlay күш біріктіріп жатқанын көргеніме өте қуаныштымын. Сауд Арабиясы мен Қазақстан арасындағы бұл ынтымақтастық жаңа белестерге жол ашатыны сөзсіз. Жасанды интеллектті қоса алғанда, озық технологияларға негізделген білім беру платформасын әзірлеу өскелең ұрпақ үшін өте маңызды. Бұл қадам Vision 2030 бағдарламасына сәйкес келеді және жергілікті таланттарды анықтауға және дамытуға көмектеседі. Осы тарихи сәттің бір бөлігі болғаныма қуаныштымын және Меморандум қатысушыларына сәтілік тілеймін", - дейді Меморандумға қол қоюға қолдау көрсеткен "National Technology Development Program" жетекшісі Ибрагим Нейяз.
Бұл меморандум Сауд Арабиясы мектептерін халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес келетін заманауи, тиімді және инклюзивті білім беру құралдарымен қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Бұл серіктестік "CodiPlay"-дің жаһандық кеңеюге ғана емес, сонымен қатар білім беру арқылы Сауд Арабиясының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді. "AILA" - мен ынтымақтастық және елдің білім беру жүйесіне "CodiPlay" өнімдерін енгізу инновациялық білім беру ландшафтын нығайтуға және басым салаларда білікті кадрларды даярлауға ықпал етеді. Бұл сонымен қатар Vision 2030 бағдарламасының инклюзивтіліктің негізгі мақсаттарын көрсететін технологиядағы әйелдер мен қыздарды қоса алғанда, халықтың барлық топтары үшін тең білім беру мүмкіндіктерін жасайды.