2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 27 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы – өмірді сақтандыру бойынша. 2022 жылғы ақпанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 3,5%-ға ұлғайды және 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 1,95 трлн теңге болды.

Активтердің ұлғаюы,  қайта бағалаудан алынған инвестициялық қызметтен сақтандыру сыйлықақылары мен кірістердің өсуімен байланысты.

Активтердің құрылымында ең көп үлес (жиынтық активтердің 72,7%-ы) бағалы қағаздарға тиесілі – 1,41 трлн теңге, олар ақпанда 8,3%-ға немесе 1085 млрд теңгеге ұлғайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2022 жылғы ақпанда 3,8%-ға немесе 43 млрд теңгеге ұлғайды және 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 1,19 трлн теңге болды. Міндеттемелердің ұлғаюы міндеттемелердің құрылымындағы үлесі  барынша  көп - 82,6% сақтандыру резервтерінің өсуі есебінен болды. Бір ай ішінде сақтандыру резервтері 47,6 млрд теңгеге немесе 982 млрд теңгеге дейін 5%- ға ұлғайды (2022 жылдың басынан 10% - ға өсу). Сақтандыру резервтерінің өсуі қаңтар оқиғаларымен байланысты мәлімделген зияндардың ұлғаюымен және жасалған сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелердің ұлғаюымен байланысты.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2022 жылғы ақпанда  3%-ға немесе 22,2 млрд теңгеге ұлғайды және  760 млрд теңге болды.

Сақтандыру секторының қайта бағалаудан алынған сақтандыру және инвестициялық  қызметтен түскен кірістерден алған таза пайдасы 2022 жылғы ақпанда 32,6 млрд теңге болды.

2022 жылғы 2 айда жеке және заңды тұлғалар бойынша 1 547 730   сақтандыру шарты жасалды, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 11,3%-ға көп. Бұл өсім, негізінен, жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша жасалған шарттар санының 71,2% -ға немесе 82 870 -ға және ауру жағдайында сақтандырудың 2,3 есе немесе 47 354-ке ұлғаюымен байланысты.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылғы 2 айда 138,6 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 1,8 млрд теңгеге немесе 1,3%-ға көп.

Міндетті сақтандыру бойынша жылдың басынан бастап 19,9 млрд теңге жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7 млрд теңгеге немесе 9,6%-ға артық. Ұлғаю, негізінен, қызметкерді еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру есебінен 1 млрд теңгеге немесе 17,6%-ға болды.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша 2022 жылғы 2 айда - 46,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 7,9 млрд теңгеге немесе 14,6%-ға аз. Төмендеу, ең алдымен, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары жинағының 79%-ға немесе 15,5 млрд теңгеге азаюына байланысты.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары 72,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8 млрд теңгеге немесе 12,5%-ға көп. Бұл мүлікті зияннан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылардың 6,6%-ға немесе 3 млрд теңгеге және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша 2 есе немесе 4 млрд теңгеге өсуімен байланысты.

2022 жылғы қаңтар-ақпан айларында сақтандыру төлемдерінің көлемі 21,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24,6%-ға артық. Барлығы 136 799 төлем жүзеге асырылды.

2022 жылғы ақпанда қаңтар оқиғаларының қорытындысы бойынша сақтандыру ұйымдары 141 млн теңге жалпы сомаға төлемдер жасады.

Қазіргі уақытта төлемдер тек террорлық әрекеттер нәтижесінде келтірілген залалды сақтандыру арқылы өтеу көзделген шарттар бойынша жалғасуда. Сақтандырушылар залалды бағалау жүргізгеннен кейін төлемдерге өтініш беруді жалғастыруда.

Сонымен қатар, сақтандыру ұйымдары қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге қолдау көрсету шараларын өткізді. Мысалы, Қазақстан аумағынан тыс жерлердегі туристердің сақтандыру шарттарының қолданыс мерзімін ұзартты, және басталған сақтандыру жағдайлары бойынша құжаттар қабылдап, орын алған оқиғалардың сақтандырумен өтелмейтініне қарамастан, бірқатар шағын кәсіпкерлік субъектілері мен жеке тұлғалар үшін төлемдер жүргізді.

Сақтандыру ұйымдары қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің 19 отбасына әлеуметтік көмек көрсетті, оның аясында әрбір балаға кәмелеттік жасқа толғанға дейін ай сайын сақтандыру ұйымының есебінен 200 мың теңгеге жуық төлемдерді қарастыратын сақтандыру өнімі ұсынылды.