Әрбір банк бойынша жағдай ерекшеленеді және ол толығымен олардың бас банктеріне қатысты қабылданған санкциялардың қатаңдылықдеңгейіне байланысты.
Барынша маңызды санкциялар ВТБ Банкке қатысты енгізілді, ол ағымдағы жылғы 24 ақпаннан бастап аталған қаржы ұйымының АҚШ, ЕО және Ұлыбритания банктеріндегі ақшасы мен басқа да активтерінің толық бұғатталуын, сондай-ақ осы банкпен операциялар жүргізуге тыйым салуды білдіретін SDN тізіміне кірген.
SWIFT жүйесінен ажыратып тастауғабайланысты бүгінгі күні банк клиенттері шетел валютасындағы төлем және аударым операцияларын, соның ішінде VISA және MasterCard карталары бойынша операциялар жүргізе алмай отыр. Алайда, клиенттер ВТБ Банктің ішінде аударымдар жасай алады, сондай-ақ банкоматтардан қолма-қол ақша алуына болады.
ВТБ Банктің бас компаниясы клиенттер алдындағы міндеттемелердің орындалуын үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында еншілес банктің өтімділігін қолдау үшін кредиттік желіні мақұлдады.
Банктің сондай-ақ сапалы несиепортфелі бар, бұл оның басшылығына қосымша өтімділікті, оның ішінде несие портфелінің бір бөлігін сату арқылы тарту шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
Сбербанкке қатысты санкциялар асақатаң емес. Банк CAPTA тізімінде тұр. Бас Банкке және еншілес құрылымдарға АҚШ-та, ЕО-да және Ұлыбританияда сыртқы қаржыландыруды тартуға тыйым салынады, ал 2022 жылғы 26 наурыздан бастап тиісті шетелдік юрисдикциялардағы корреспонденттік шоттар жабылады, бұл банктің клиенттері үшін халықаралық аударымдарды қолжетімсіз етеді.
Бас банк сондай-ақ өз клиенттері алдындағы міндеттемелерге уақтылы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін көлемде еншілес ұйымның өтімділігін қолдауды қамтамасыз етті.
Банк басшылығы сондай-ақ банкаралық нарықта өтімділікті тарту бойынша қосымша шаралар және жағдайды тұрақтандыру бойынша басқада іс-шаралар қабылдауда. Альфа-Банкке қатысты АҚШ пен ЕО нарықтарында қорландыруды тартуға тыйым салуды көздейтін секторлық санкциялар енгізілді. Visa және Mastercard карталары бойынша төлемдердің барлықтүрі бүкіл әлем бойынша қолжетімді, валюталық аударымдар шектеусіз жүргізіледі, кеңселер стандартты режимде жұмыс істейді.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда Ресейдің еншілес банктеріндегі жағдайдың тұрақтанғанын көріп отырмыз.
Агенттік алдағы уақытта да көрсетілген банктердегі ахуалға күн сайынғы мониторингті жүзеге асырады және қажет болған жағдайда, банктермен өтімділікті қолдау жөніндегі бірлескен шараларды қабылдайтын болады. Басбанктер тарапынан және банкаралық нарықта тиісті құралдар мен әлеуетті өтімділік бар.