Яндекс Go қолданбасында Electro тарифі пайда болды, оны таңдаған кезде тапсырыс бойынша электромобильдер келеді.

Бастапқы кезде тарифке 700 автомобиль кіреді. Болашақта сервистің серіктестері электромобильдер паркін ұлғайтуды жобалауда.

Пайдаланушыларға BYD, Hongqi, Tesla, Zeekr, Volkswagen, Audi және басқа да танымал маркалардың заманауи және іші кең электр карлары ұсынылатын болады.

Осы тарифтегі тапсырыстарға қызмет көрсететін жүргізушілер жоғары рейтингте болуымен ерекшенеді, сондай-ақ олар қарым-қатынас жасау стандарттарын, дресс-кодты және жол қауіпсіздігі ережелерін қамтитын қосымша оқудан өтті.

Сапардың құны 700 теңгеден басталады.

«Электро тарифі Алматы тұрғындарына «Комфорт+» тарифімен салыстырғанда анағұрлым жоғары дәрежедегі автокөліктерді пайдалану мүмкіндігін ұсынады. Тариф аясында жаңа, әрі заманауи көліктер келеді, олар жайлылық деңгейінің жоғарылауымен, бір қалыпты және тыныш жүруімен ерекшеленеді. Бұл сапарларды жайлы етіп қана қоймай, сонымен қатар сервис сапасының жаңа стандартын белгілейді», — деп атап өтті Қазақстандағы Яндекс Go басшысы Тайыр Байдүйсен.