«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тұңғыш рет құны 500 млн АҚШ долларын құрайтын еурооблигацияларды 2,00% жылдық купонымен 5 жылға сәтті орналастырды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Орналастыру нәтижесі бойынша купонның ең төмен үстемеақысына қол жеткізілді және ТМД елдері арасындағы эмитенттер бойынша АҚШ долларында ұсынылған егемен еурооблигацияларда теңдессіз қысқа спрэд бекітілді.
Орналастыру «Самұрық-Қазынаның» командасымен 18-20 қазан аралығында бейне-конференция форматында халықаралық инвесторлардың қатысуымен ұйымдастырылған роуд-шоудан кейін жүзеге асырылды.
Тапсырыстар кітабын (book-building) қалыптастыру кезінде облигацияға деген сұраныс көлемі алғаш ұсынылғаннан үш есеге арта түсті.
Мұның арқасында келісім-шарт бойынша соңғы үстемеақы көлемін +/- 5 негізгі тармаққа (WPIR) өзгерту құқығымен 2,3% дейін төмендетуге және келісімді 2,25% үстемеақы табысымен (reoffer yeild) жасақтауға мүмкіндік туды.
Тапсырыс беру кітабының соңғы нұсқасына дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы инвесторлар кірді. Соның ішінде АҚШ, Еуропа, Ұлыбритания елдерінің компаниялар активтерін басқаратын Қорлар да бар. Жалпы, орналастыруға 70-тен астам халықаралық инвестор қатысты.
Жергілікті облигациялар нарығын қолдау және дамыту мақсатында және ел ішінде еурооблигациялар бойынша табыс деңгейін сақтап қалу үшін орналастырудағы басымдық қазақстандық инвесторларға берілді. Олар орналастыру науқанына KASE және AIX қазақстандық биржалар арқылы қатысқан.
Орналастыру сонымен қатар LSE биржасында листингтеледі деп күтілуде. Келісім-шарт бірлескен алдыңғы қатарлы менеджерлер мен букраннерлер санатында жұмыс істейтін халықаралық банктер - Citi, MUFG, UBS және VTB Capital-мен қатар қазақстандық менеджерлер - «First Heartland Securities» АҚ және «Фридом Финанс» АҚ көмегімен жасалды.