IDC Worldwide Quarterly Mobile Phone Tracker мәліметінше, Samsung 2010 жылдан бері алғаш рет смартфондар нарығындағы көшбасшылығын жоғалтты. Естеріңізге сала кетейік: 2010 жылы Samsung әлемдік сатылымның үштен бірін құрайтын Nokia-дан артта болған. Ал 2023 жылдың соңында Apple көшбасшы болды. Apple смартфондарының үлесі 2022 жылғы 18,8%-дан 2023 жылы 20,1%-ға дейін өсті. Samsung бір жыл ішінде үлесін 21,7%-дан 19,4%-ға дейін азайтып алды. Бір жылда Apple смартфондарының жеткізілімі 3,7% өсіп, 234,6 млн дананы құрады, ал Samsung смартфондарының жеткізілімі 13,6% азайып, 226,6 млн дананы құрады.

IDC Worldwide Tracker зерттеу жөніндегі директоры Набила Попалдың айтуынша, Apple-дің үздіксіз табысы мен тұрақтылығы негізінен нарықтың 20%-дан астамын құрайтын, агрессивті сауда-саттық ұсыныстары мен пайызсыз премиум құрылғыларға деген өсу үрдісіне байланысты.

Үздік бестікте қалған орындарды қытайлық смартфондар мықтап алады. Осылайша, Xiaomi — 12,5%, OPPO — 8,8%, Transsion — 8,1% құрады. Басқа смартфон брендтері жалпы әлемдік жеткізілімдердің 31%-ын құрады.

2023 жылы Xiaomi-ның жаһандық жеткізілімі 145,9 млн смартфонды құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4,7% аз. OPPO жеткізілімдері 9,9% азайып, 103,1 млн смартфонға дейін төмендеді, ал Transsion-тің жаһандық жөнелтілімдері, керісінше, бірден 30,8% өсіп, 94,9 млн смартфонға жетті. Басқа брендтер 361,8 млн бірлікті құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,1% аз.

Жалпы, ғаламдық смартфондар жеткізілімі 3,2% азайып, 2023 жылы 1,2 млрд дананы құрады.

Бұл статистиканы Statcounter GlobalStat деректері растайды: ай сайынғы динамикасын ескере отырып, Apple 2023 жылдың қаңтарында 27,6% үлесін алып, бүкіл әлем бойынша ұялы байланыс жеткізушілері нарығын басқарды және былтырғы көшбасшылығын сақтап қалды.

Apple смартфондарының ең үлкен үлесі — 31,44% — мамырда байқалды, ал 2023 жылдың желтоқсан айының соңында ол 28,8% болды. 2023 жылдың желтоқсан айының соңында Samsung смартфондарының үлесі 24,15% құрады, ал Xiaomi 11,99% үлесімен үздік үштікті жапты.