Қазақстан 700 млрд теңгеге жуық құрылыс жұмыстарын аяқтады.

Статистика бюросының деректері бойынша 2023 жылдың бірінші тоқсанында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 689,9 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 15,7% артық.

Салынып жатқан нысандардың түрлері бойынша негізгі өсім тұрғын емес ғимараттар (+21,1%, 284,2 млрд теңгеге) және құрылыстар (+18,1%, 293 млрд. теңгеге) есебінен болды. Жалпы оң динамикаға тұрғын үйлер өте мардымсыз үлес қосты (+4%, 112,7 млрд теңгеге дейін).

Өңірлер арасында Атырау облысы бұрынғысынша жетекші орында – 166,2 млрд теңге (+ 17%).

Жаңадан құрылған өңірлердегі жағдай қызық. Абай мен Жетісу ең жоғары қарқынмен өссе (тиісінше +56,8%, 18,9 млрд теңгеге және +54,7%, 8,6 млрд теңгеге дейін), Ұлытау керісінше төмендеу (-1,4%, 12,7 млрд теңгеге дейін) байқалады. 

Іске қосылған жаңа нысандарға келетін болсақ, олардың саны 2,7%-ға азайып, 7,9 мың бірлікке, ал ауданы 20,1%-ға ұлғайып, 3,8 млн шаршы метрге жетті.