Авторы: Данияр Оразбаев, Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы
Freedom Finance Global компаниясы 2023 жылғы қыркүйек айында шағын және орта бизнеске арналған тоқсан сайынғы зерттеуді бастады. Желтоқсан айында сауалнаманың екінші толқыны өткізілді. Зерттеуде түсімдегі, қызметкерлердегі және бизнес көлеміндегі өзгерістер сияқты негізгі бизнес көрсеткіштері талданады. Сондай-ақ кредиттердің қолжетімділігі, өсуді шектейтін кедергілер және рубль мен доллар бағамының өзгерістеріне, сондай-ақ Салық кодексіндегі өзгерістерге қатысты конъюнктуралық мәселелер бағаланады. Сонымен бірге, шағын және орта бизнестің меншікті іскерлік белсенділік индексі есептелген.
Бұл материалда 2023 жылғы төртінші тоқсанның қорытындылары ұсынылған.
Іскерлік көңіл-күй өсуде
Төрт негізгі қосалқы индекстен («Сату», «Кадрлар», «Кредиттер», «Инвестициялар») тұратын іскерлік көңіл-күй индексі 2023 жылғы үшінші тоқсандағы 54,5 тармақтан төртінші тоқсандағы 57,6 тармаққа дейін өсті. Индекстің 50 тармақтан жоғары болуы бизнестің жағымды көңіл-күйінің басым екенін көрсетеді. Бірден 15,8 тармаққа өскен «Кредиттер» қосалқы индексі негізгі өсу драйвері болды, ал қалған үш қосалқы индекс аздап төмендеді. Олардың ішінен тек «Инвестициялар» қосалқы индексі ерекшеленеді, ол 2,9 тармаққа төмендеді, ал қалған екі қосалқы индекс тек 0,3-0,4 тармаққа төмендеді.
Кредиттер сәл қол жетімді бола бастады
«Кредиттер» қосалқы индексінің өсуі көбіне қазіргі уақытта кредитті қажет етпейтін адамдардың үлесінің артуымен түсіндіріледі. Егер үшінші тоқсанда олардың үлесі 40,3%-ды құраса, қазір 45,2%-ды құрайды. Қосалқы индексті есептеу кезінде кредит алуға тырысып, бірақ оны ала алмағандар есепке алынбайды. Олардың үлесі 5,4%-дан 4,8%-ға дейін төмендеді. Кредитке өтінім беріп, мақұлдау алғандардың үлесі төртінші тоқсанда 9,0%-дан 9,9%-ға дейін аздап өсті. Мөлшерлеменің жоғары болуына байланысты кредит алғысы келмегендердің (16,6%-дан 17,5%-ға дейін) және қазіргі уақытта кредиті барлардың (17,5-тен 16,3%-ға дейін) үлесі аздап өзгерді.
Салалар бойынша оң көрсеткіштің неғұрлым өсуін құрылыста көруге болады (36 респондент), онда кредиттерге өтінім беріп, мақұлдау алғандардың үлесі 2,9%-дан 11,1%-ға дейін күрт өсті. Екінші жағынан, әртүрлі себептерге байланысты кредит алуға тырыспаған немесе қазіргі уақытта кредиті бар адамдардың саны азайды. Оның алдындағы тоқсанда олардың саны 86%-ды, ал 4-тоқсанда 78%-ды құрады. Сауалнамада өкілдерінің саны 209 бірлікке жететін көтерме және бөлшек сауда саласы кредиттердің мақұлданған осындай деңгейін (11%) көрсетеді. Алайда бұл 3-тоқсанның нәтижесінен 1,7 пайыздық тармаққа төмен. Саудада кредиттерінің болуына байланысты оларды қажет етпеген компаниялар санының 12%-дан 22%-ға дейін күрт өсуі байқалады.
Бизнес көлемінің айырмашылығы қорытынды қосалқы индекске қатты әсер етпейді. Мәселен, айналымы жылына 25 млн теңгеден аз болатын ең ұсақ компаниялардың арасында кредитке мақұлдау алғандар 9,6%-ды, ал бас тарту алғандар 5%-ды құрайды. Кредитке одан сәл көбірек мақұлдау айналымы жылына 26-дан 105 млн теңгеге дейінгі компанияларға берілді: өткен тоқсандағы 9%-ға қарағанда 12%-ды құрады. Айналымы неғұрлым жоғары қалған компанияларда респонденттердің жалпы тізімінің 7,5–7,7%-ы мақұлдау алды. Көлемдер кредитке мұқтаж емес немесе кредиттері бар адамдардың үлесіне қатты әсер етпейді. Мәселен, кредитке мұқтаж емес адамдардың диапазоны көлеміне байланысты 44,7–46,5%-ды, ал кредиттері бар адамдардың диапазоны 15,4–19,4%-ды құрайды.
Өңірлер бойынша кредитке мақұлдауды берген көбіне Қазақстанның батыс бөлігі: Ақтөбе (мақұлдау алған компаниялардың үлесі 27,3%), Маңғыстау (23,8%) және Атырау (23,5%) облыстары айқын көш бастап тұр. Респонденттердің төрттен бірінен астамы тұратын екі астананың ішінде Астанада кредитке мақұлдау алған компаниялардың үлесі жоғары болып отыр: Алматыда 8,4%-ға қарағанда 12,5%-ды құрайды. Сондай-ақ, Астанада компаниялардың көбінің кредиттері бар: 7,2%-ға қарағанда 17,9%-ды құрайды.
Айналым өсті, бірақ компаниялардың аз бөлігі өсуді келесі тоқсанда күтеді
Бизнестің түсімінің (айналымының) нақты және күтілетін өсуін бағалайтын «Сату» қосалқы индексі 3-тоқсанға қарағанда 0,3 пайыздық тармаққа аздап төмендегенін көрсетті. Компанияларға жүргізілген сауалнама сондай-ақ айналымды ұлғайту сұрақтарындағы көп бағытты қозғалысты көрсетеді. Бір жағынан, бизнесінен көбірек түсім түсе бастағандардың үлесі 27,8%-дан 31,5%-ға дейін өсті. Екінші жағынан, келесі тоқсанда айналымның өсуі бойынша оптимизмнің төмендеуі байқалады. Егер бұған дейін шағын және орта бизнестің 47%-ы өсуді күткен болса, қазір олардың үлесі 41%-ды құрайды. Бұл жерде маусымдық фактор болуы мүмкін, себебі 4-ші тоқсанда өсімнің болуы көбіне жаңа жыл алдындағы сұраныстың өсуіне байланысты болып жатады.
Салалар бойынша табысты компаниялардың үлесінің неғұрлым өсуі сауда мен өнеркәсіпте тіркеледі. Саудада түсімін ұлғайта алғандардың үлесі 20%-дан 32,5%-ға дейін өсті, бұл маусымдық фактордың әсерінен болуы мүмкін. Өнеркәсіпте ұқсас цифрлар 40%-дан 50%-ға дейін өсті. Сондай-ақ, қызмет көрсету саласы жақсы нәтиже көрсетті, оған сәйкес 4-тоқсанда түсім 17,6%-ға қарағанда 26,1%-ға ұлғайған. Күтулерге келетін болсақ, өнеркәсіп пен құрылыста айтарлықтай жақсы көрсеткіш байқалады, мұнда түсімнің өсуін күтетін компаниялардың үлесі алдыңғы тоқсанға қарағанда шамамен 12-13 пайыздық тармаққа өсті.
Бизнесті көлемі бойынша бөлу түсімнің нақты өсуі сұрағында айтарлықтай өзгерістер көрсетпеді. Тек «жылына 25 млн теңгеге дейін» сегментінде түсімі 26,5%-дан 32,6%-ға дейін өскен компаниялардың үлесінің өскені байқалады. Қалған сегменттер бойынша аса үлкен өсу болған жоқ. Түсімнің күтілетін өсуі сұрағында «25 млн теңгеге дейін» сегменті де үздік нәтиже көрсетеді: оптимистердің үлесі іс жүзінде өзгерген жоқ. Ең ірі бизнесте оптимистердің саны әлдеқайда аз болды. Мысалы, сауалнамаға қатысқан, айналымы жылына 1,036 млрд теңгеден жоғары болатын ең ірі бизнестің көрсеткіші 54%-дан 38,5%-ға дейін төмендеді. Дәл осыншама компания 2024 жылғы 1-тоқсанда түсімнің ұлғаюын күтуде. Қалған екі сегментте үлестің азаюы шамамен 11 пайыздық тармақты құрады. Нәтижесінде, салыстырмалы түрде ірі бизнесте табысты компаниялар көп болғанымен, өсуді күту тұрғысынан шағын бизнес бірінші орында тұр. Бұл жерде маусымдық әсердің ықпалы болуы мүмкін, ол тәжірибенің көптігіне және сұраныс серпінін түсінуге байланысты ең ірі бизнесті ескереді.
Өңірлер тұрғысынан алғанда, 4-тоқсанда түсімін ұлғайта алған табысты компаниялардың ең көп үлесі Жамбыл облысында тіркеледі, онда бұл үлес 61,5%-ды құрайды. Сондай-ақ, бұл тоқсанда Ақтөбе және Жетісу облыстарының бизнесі жақсы нәтиже көрсетті, онда бұл көрсеткіш тиісінше 50%-ға және 47%-ға жетеді. Екі астанада нәтиже ұқсас болды: Алматыда 24% және Астанада 27%. Айта кетейік, оның алдындағы тоқсанда Астанада мұндай компаниялар аз болған: 12%-ды құрады. Егер күтулер туралы айтатын болсақ, оптимистердің көп бөлігі Батыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында тіркеледі, олардың үлесі шамамен 62%-ға жетеді. Рейтинг соңында 12,5% нәтижемен Қостанай облысы орналасқан. Астанада ШОБ Алматыға қарағанда әлдеқайда оптимистік нәтиже көрсетті. Елордалық компаниялардың 39%-ы 2024 жылғы 1-тоқсанда түсім ұлғаяды деп күтуде, ал Алматыда бұл көрсеткіш тек 28%-ға жетті.
ШОБ қызметкерлері одан әрі өсуде
Қазақстандық бизнес қызметкерлері штатының өсуі 4-тоқсанда одан әрі жалғасты. Бизнесмендердің 15,7%-ы өз қызметкерлерінің санын ұлғайтты, ал 10,5%-ы штатын қысқартты. Респонденттердің шамамен барлығы қызметкерлердің саны өзгермегенін атап өтті. Қызметкерлер санының неғұрлым өсуі құрылыс саласында тіркеледі: компаниялардың шамамен 31%-ы осындай нәтижені көрсетіп отыр. Алайда, мұндай үлесті құрылыс компанияларында қызметкерлердің саны азайды. Сондай-ақ, өнеркәсіптегі қызметкерлер орташа деңгейден жоғары өсуде (23%), бұл ретте компаниялардың тек 4,5%-нда осы саладағы кадрлардың қысқаруы байқалады. Сонымен бірге, компаниялардың 13%-ның қызметкерлерінің штаты ұғайған, ал 7,2%-да қызметкерлерінің штаты азайған қызмет көрсету саласы жақсы таза нәтиже көрсетуде. Көтерме және бөлшек саудада бұл көрсеткіштердің арасындағы айырмашылық әлдеқайда аз: 11%-ға қарағанда 14%-ды құрайды.
Келесі тоқсанда штаттың ұлғаюы бойынша күту сұрағында нәтижелер неғұрлым сенімді болды. ШОБ-тың 24%-ы қызметкерлер санын ұлғайтуды жоспарлап отыр, ал керісінше жауапты тек 3,6%-ы берді. Оң жауаптарының үлесі тиісінше 47%-ды және 43%-ды құрайтын құрылыс және өнеркәсіп салалардың арасында тағы да айқын көш бастап тұр.
Бизнестің көлемі бойынша, жалпы алғанда барлық ШОБ өз қызметкерлерінің санын ұлғайтқанын және ұлғайтуды жоспарлап отырғанын көрсетеді. Дегенмен, айырмашылықтар бар. Мәселен, жылдық айналымы 106–1035 млн теңгені құрайтын компанияларда қысқарту болғандардың (16%) үлесі едәуір жоғары. Үздік нәтиже айналымы 1,036 млрд теңгеден жоғары болатын компанияларда байқалады: олардың 23%-ы штатын ұлғайтты, ал 7,7%-ы қысқартты. Күту сұрағында жақсы көрсеткіш айналымы 106–1035 млн теңгені және 26–105 млн теңгені құрайтын компаниялардың сегменттерінде байқалады, онда компаниялардың 30%-ы және 27%-ы штатын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ұсынылған сегменттердің ішіндегі ең ірі сегмент штатын ұлғайтуды аз жоспарлап отыр: олардың тек 15%-ы штатын ұлғайтуға ниет білдіріп отыр.
Өңірлер тұрғысынан алғанда, штатын іс жүзінде ұлғайтқан өңір – Ақтөбе облысы, олардың үлесі 36%-ды құрайды. Алматыда ШОБ негізінен өз қызметкерлерін қысқартты: алматылық бизнесмендердің 16%-ы штатын қысқартты, ал 13%-ы ұлғайтты. Астанада нәтиже жақсырақ: штатын қысқартқандардың 11%-на қарағанда бизнестің 21%-ның штатында өсім байқалды. Күту сұрағында Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында нәтиже жақсы болып отыр. Онда ШОБ-тың 43%-ы және 41%-ы штатын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Астанада олардың үлесі 30%-ды құрайды, ал Алматыда 23%-ы қызметкерлерінің санын ұлғайтуға ниет білдіріп отыр.
ШОБ одан әрі кеңеюде
Бизнесті кеңейту сұрақтарында өзгерістер серпіні іс жүзінде және жоспарланған кеңейту арасында көп бағытты болып шықты. Егер 4-тоқсанда бизнесін кеңейтетін компаниялар 3-тоқсанға қарағанда аз болса, онда кеңейтуді жоспарлаушы компаниялардың үлесі, керісінше, өсті. Сауалнамаға қатысқан компаниялардың 34%-ы 4-тоқсанда бизнестерін кеңейтті, бұған дейін олардың үлесі 37% болған. Сауалнамаға қатысқан компаниялардың 25%-ы өз қаражаты есебінен, 9%-ы қарыз қаражаты есебінен бизнестерін кеңейтті. Компаниялардың тек 6%-ы бизнестерін қысқартуға мәжбүр болды.
Салалар тұрғысынан алғанда, бұл сұрақ бойынша өнеркәсіп айқын көш бастап тұр, онда компаниялардың 64%-ы өз қызметін кеңейткен. Оның алдындағы тоқсанда ондай компаниялардың үлесі 46%-ды құрады. Олардың 78%-ы немесе сауалнамаға қатысқан өнеркәсіп саласындағы барлық бизнесменнің жартысы өз қаражаты есебінен кеңейті. Қарыз қаражаты есебінен көбіне құрылыс секторындағы ШОБ кеңейтілуде. Олардың үлесі 17%-ды құрайды, дегенмен оның алдындағы тоқсанда дәл осындай нәтиже 10%-ға тең болған. Бизнесін кредитке алған ақшаның есебінен кеңейту қызмет көрсету саласында аз болып жатады, мұндай компаниялардың үлесі тек 4,8%-ды құрайды, бұл алдыңғы тоқсанның 3,5%-ды құрайтын нәтижесінен сәл жоғары.
Жылдық айналымы 1,036 млрд теңгеден асатын ірі компаниялар барынша кеңейді. Мұндай компаниялардың үлесі 54%-ды құрады, ал 200-ден астам орташа компаниялардың арасында (жылына айналымы 26–1035 млн теңге) бұл көрсеткіш 38%-ды құрады. Неғұрлым шағын бизнесте кеңейтілген компаниялардың үлесі 30,5%-ға жетті. Өңірлер тұрғысынан алғанда Маңғыстау облысы көш бастап тұр, онда ШОБ-тың 57%-ы қызметкерлерінің санын кеңейте алды, ал Алматы мен Астанада мұндай компаниялардың үлесі 31%-ды және 36%-ды құрайды.
Бизнесті кеңейту жоспарлары бұл жолы біршама орташа болды. Сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 32,9%-ы кеңеюді жоспарлап отыр, дегенмен оның алдындағы тоқсанда олардың саны 37,9%-ды құраған. Салалар арасында ең өршіл жоспарлар құрылыс пен өнеркәсіпке тиесілі: осы сегмент өкілдерінің 52-53%-ы өз қызметін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл ретте құрылыста өз қызметін кеңейтуді қарыз қаражатының есебінен жасағысы келетіндердің үлесі едәуір жоғары: саладағы барлық респонденттің 22%-ын құрайды. Неғұрлым көп салада (көрсетілетін қызметтер, сауда) бұл көрсеткіштер орташа болып көрінеді: сәйкесінше 30%-ды және 28%-ды құрайды. Дегенмен, қызмет көрсету саласында кәсіпорындардың тек 24%-нда өз қызметін кеңейту бойынша жоспары болған 3-тоқсанмен салыстырғанда айтарлықтай жақсару байқалады.
Айналымы жылына 1,036 млрд теңгеден жоғары болатын ең ірі бизнес көбіне кеңеюді жоспарлайды. Олардың саны 38,5%-ды құрайды, ал қалған сегменттерде көрсеткіш біршама аз және шамамен 31–33%-ды құрайды. Өңірлер тұрғысынан алғанда, Маңғыстау облысы тағы да көш бастап тұр, онда 57%-ы кеңеюді жоспарлап отыр. Алматыда көрсеткіш республика бойынша орташа көрсеткіштен төмен болып шықты, ол 31%-ды құрайды, ал Астанада бұл көрсеткіш 36%-ға жуық.
Шағын және орта бизнестің ІБИ оң нәтиже көрсетуде
4-тоқсандағы шағын және орта бизнестің іскерлік белсенділік индексі (ІБИ) одан әрі оң нәтиже көрсетуде. Әсіресе, өндірістік секторда көп позитив байқалады, онда ІБИ 64,2 тармақты (50 тармақ — бейтарап шекара) құрады. Алайда қызмет көрсету саласындағы ІБИ 50 тармақты құрайтын шекарадан сәл ғана жоғары болып, дәл 51 тармақты құрады.
Өндіріс секторының ІБИ жұмыспен қамтуға, жеткізу мерзіміне, өндіріске, шикізат пен материалдардың қорларына, жаңа тапсырыстарға қатысты бес түрлі сұраққа жауап берген 88 бизнес өкілінің жауаптары негізінде есептелді. Бұл секторда жаңа тапсырыстар көлемінің көрсеткіштері жақсы нәтиже көрсетті. Респонденттердің 52%-ы өткен айда жаңа тапсырыстар көлемі ұлғайды деп жауап берді. Тек 10%-ы теріс жауап берді. Бір қызығы, жылдық айналымы 25 млн теңгеден аз болатын микробизнес бұл компонент бойынша барынша жақсы нәтиже көрсетеді. Тізімде олардың саны 70% болды, ал айналымы 106–1035 млн болатын бизнес 30,4%-ды құрайтын орташа нәтижеден төмен нәтиже көрсетті.
Қалған сұрақтар бойынша оң жауаптардың үлесі теріс жауаптардан да басым болып отыр. Мәселен, өндірістік сектордағы ШОБ-тың 39%-ы өндіріс үшін жағдайдың жақсарғанын атап өтті, ал ондай пікірмен келіспегендердің үлесі тек 9%-ды құрады. Шикізат пен материалдар қоры сұрағында респонденттердің 40%-ы жағдайдың жақсарғаны туралы жауап берді, ал 11%-ы ондай пікірмен келіспеді. Бұл жерде неғұрлым шағын бизнес оң жауап берді. Өндіріс жағдайлары сұрағында «26-105 млн теңге» болатын түсім сегментінің жартысы оң жауап берді, ал шикізат пен материалдардың қоры сұрағында «25 млн теңгеге дейінгі» микробизнес респонденттерінің 48%-ы оң жауап берді.
Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік индексі 4-тоқсанда 51 тармақты құрады. Есепке бөлшек және көтерме сауда саласында және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін 416 компания кірді. Бұл компанияларға да бес сұрақ қойылды, олардың көпшілігі өндіріс секторына да қатысты болды. Олар мынадай тақырыптарға қатысты болды: «Жұмыспен қамту», «Жеткізу уақыты», «Коммерциялық қызмет», «Қорлар», «Клиенттердің жаңа тапсырыстары».
Респонденттер клиенттердің жаңа тапсырыстарына қатысты сұраққа ең жақсы жауап берді. Респонденттердің 28%-ы тапсырыстардың көбейгенін атап өтті, ал респонденттердің 16%-ы қарама-қарсы пікір білдірді. Саудада 4-тоқсандағы жағдай біршама жақсырақ болды: қызмет көрсету саласындағы 22%-ға қарағанда оң жауаптардың үлесі 34%-ды құрады. Алайда, саудада қызмет көрсету саласына қарағанда теріс жауаптардың көп бөлігі тіркеледі: 13%-ға қарағанда 19%-ды құрады. Жылдық айналымы жылына 1,036 млрд теңгеден жоғары ШОБ-тың жағдайы жақсы, оның өкілдерінің үштен бірі 4-тоқсанда жаңа тапсырыстардың көбейгенін атап өтті. Сондай-ақ, «жылына 25 млн теңгеге дейінгі» ең шағын сегментте 31%-ды құрайтын ұқсас жақсы көрсеткіш қалыптасқан. Ірі өңірлер арасында жақсы көрсеткіш Жамбыл облысында тіркелген, онда оң жауаптардың үлесі 56%-ды құрайды, ал Қарағанды облысында ұқсас көрсеткіш 8%-ды құрайды. Алматыда теріс жауаптардың үлесі оң жауаптардан басым болып отыр: 20%-ға қарағанда 23%-ды құрайды, Астанада, керісінше, оң жауаптардың 26%-на қарағанда теріс жауаптардың үлесі 17%-ын құрайды.
Қызмет көрсету саласындағы ІБИ қорлар бойынша жағдайды жақсарту компоненті бойынша қалыптасты. Қосалқы индекс 44,8 тармақты құрады, ал оң жауаптардың үлесі тек 15,1%-ға жетті. Бұл ретте респонденттердің 14,4%-ы қарсы пікір білдірді. Тағы да сауда саласында жағдай жекелеген қызмет көрсету саласына қарағанда жақсы болды: оң жауаптардың 11%-на қарағанда оның үлесі 19%-ды құрады. Бизнес көлемі жағынан айналымы жылына 1,036 млрд теңгеден басталатын сегменттің жағдайы жақсы, онда үштен бірі оң жауап берді. Айналымы 26–105 млн теңгені құрайтындар басқаларға қарағанда нашар жауап берді. Бұл сегментте теріс жауаптардың үлесі оң жауаптардың үлесінен асып түседі: 10%-ға қарағанда 17%-ды құрайды. Ірі өңірлердің арасында Түркістан облысы үздік нәтиже көрсетті, оң жауаптардың үлесі 31%-ды құрайды, ал 6,5%-ды құрайтын ұқсас көрсеткішпен Астана ең нашар нәтиже көрсетті. Елордада теріс жауаптардың үлесі 13%-ға, Алматыда 22%-ға жетеді. Алайда Алматыда оң жауаптардың үлесі жоғары 13%-ды құрайды.
Бизнесті жүргізуге кедергілердің жаппай өсуі
Бизнестің қызметін шектейтін негізгі факторларға қатысты сауалнама негізінде жасалған бизнестегі кедергілердің индексі өсуді көрсетті, бұл бизнесті жүргізуге тосқауылдар мен кедергілердің көбейгенін көрсетеді. Бұл индекстің жоғарыда айтылғандарға қарағанда 100 тармақты құрайтын бейтарап шекарасы бар. 4-тоқсанда бизнестегі кедергілердің индексі алдыңғы тоқсандағы 88 тармақпен салыстырғанда 122 тармаққа жетті.
Респонденттердің 24%-ы қандай да бір елеулі кедергілерді сезінбейтіндерін айтты. Бұл алдыңғы тоқсанның 26%-ды құраған нәтижесінен сәл төмен.
Өсуді барлық басқа танымал кедергілерден де көруге болады: «Қаржылық шектеулер» (18%-дан 20%-ға дейін), «Жалға алу құны» (11%-дан 20%-ға дейін), «Ішкі нарықтағы сұраныстың жеткіліксіздігі» (13%-дан 19%-ға дейін), «Экономикалық саясатқа қатысты сіздің секторыңызға әсер ететін белгісіздік» (8,9%-дан 17%-ға дейін), «Кадр тапшылығы» (9,5%-дан 15%-ға дейін).
Бір қызығы, бизнестегі кедергілердің ең үлкен индексі сауда және қызмет көрсету саласында тіркеледі: сәйкесінше 129 және 124 тармақты құрайды, ал өнеркәсіп пен құрылыс өкілдерінің жауаптары бейтарап шекараға әлдеқайда жақын болды. Дегенмен олар кедергілердің аз бөлігін атап өтті, себебі олардың индексі 100 тармақты құрайтын шекарадан сәл асты.
Көлеміне келетін болсақ, айналымы жылына 106–1035 млн теңге болатын сегмент ең үлкен кедергілерді бастан кешуде. Бұл сегментте жекелеген индекс 143 тармаққа жетті: респонденттердің 20%-дан астамы бизнесті жүргізуге бірден төрт кедергіні атап өтті. Айналымы жылына 1,036 млрд теңгеден жоғары, индексі 100 тармақтан төмен болған ірі компаниялар ең аз кедергілерді бастан кешіруде. Шағын компаниялар олардың арасында орналасып, орташа есеппен 120 тармақтан сәл аз болды.
Өңірлер тұрғысынан алғанда, Павлодар облысы меншікті индексі 262 тармақ болатын ең көп кедергілерді бастан кешуде. Сауалнамаға қатысқан бизнес өкілдерінің кем дегенде 50%-ы бірден үш кедергіні (екеуі – экономикалық саясат және сұраныстың жеткіліксіздігі) атап өтті. Сондай-ақ, бизнестегі кедергілердің жоғары деңгейі Ұлытау және Жетісу облыстарында байқалады, онда индекс 200 тармақтан асты. Меншікті индексі 61 тармақты құрайтын Батыс Қазақстан облысының бизнесмендері оң нәтиже көрсетті. Сауалнамаға қатысқан бизнес өкілдерінің 31%-ы бизнесті жүргізуге кедергілердің жоқтығын көрсетеді, бірақ сол 31%-ы кадрлардың жетіспеушілігін көрсетеді. Алматыда бизнестегі кедергілер индексі Астанаға қарағанда жоғары болды: 116 тармаққа қарағанда 148 тармақты құрады. Егер Алматыда экономикалық саясатқа, жалға алу құнына және қаржылық шектеулерге көбірек алаңдайтын болса, Астанада алаңдаушылық көбіне сұраныстың жеткіліксіздігі мен жұмыс күшінің жетіспеушілігіне байланысты болып жатады.
Компаниялардың көбін рубль бағамы алаңдатады
Қазақстандық шағын және орта бизнеске жекелеген тақырыптар мен оқиғаларға қатысты үш конъюнктуралық сұрақ қойылды. Алғашқы екі сұрақ теңгенің рубльге және долларға айырбастау бағамына байланысты болды.
Жалпы алғанда, ШОБ-тың басым бөлігі (46%) рубль бағамының олардың қызметіне әсер етпейтінін көрсетеді. Дегенмен, оның алдындағы тоқсанда олардың саны көп болды: 63%-ды құрады. Қазір бизнестің айтарлықтай көп бөлігі рубль бағамындағы өзгерістер олардың бизнесіне теріс әсер етті деп санайды. 4-тоқсанда мұндай компаниялардың үлесі 22%-ды құрады, дегенмен оның алдындағы тоқсанда 7,7% болған. Оның үстіне, керісінше, әсер оң болды деп санайтындардың үлесі 6,9%-дан 2,6%-ға дейін аз болды. Екінші жағынан, компанияға тікелей әсерді көрмейтін, бірақ жалпы салаға әсерді атап өткендердің үлесі 17%-дан 24%-ға дейін өсті.
Ең үлкен теріс әсерді құрылыс компаниялары сезінді, олардың үлесі 33%-ды құрады, ал ең аз теріс әсерді өнеркәсіп компаниялары (16%) сезінді. Нәтижесі 58%-ды құрайтын қызмет көрсету саласының ШОБ-ы ең немқұрайлы болып шықты. Көлемі жағынан жылдық айналымы 1,036 млрд теңгеден асатын ең ірі сегмент теріс әсерді сезінді. Олардың үлесі 46%-ды құрайды, ал айналымы 25 млн теңгеден аз микробизнес, керісінше, қалғандарынан аз – 18%-ды құрады. Сондай-ақ, микробизнес рубль бағамының өзгеруіне неғұрлым немқұрайлы қарады. Өңірлер тұрғысынан алғанда, Ресеймен шекаралас Солтүстік Қазақстан (33%), Абай (33%) және Қостанай облыстары (31%) бағамның неғұрлым теріс әсерін сезінді. Оңтүстік облыстарда (Алматы, Жамбыл) және Шымкент қаласында тікелей әсерді байқамағандардың үлесі жоғары.
Бұл ретте доллар бағамы рубльмен салыстырғанда Қазақстанның ШОБ-на көбірек әсер етеді. Тек 33%-ы доллар бағамының өзгеруіне немқұрайлы қарады, ал 35%-ы ауытқулар олардың бизнесіне теріс әсер ететінін атап өтті. Респонденттердің төрттен бірі доллар бағамы олардың компаниясына әсер етпесе де, жалпы салаға қысым жасайды деп санайды. Тек 3%-ы доллар бағамының өзгеруі олардың қызметі үшін тиімді деп санайды.
Салалар арасында компаниялардың көбі өнеркәсіптегі (43%) және құрылыстағы (41%) осы сұраққа байланысты зардап шегеді. Бірақ қызмет көрсету саласында компаниялардың 41%-ы доллар бағамының өзгеруіне немқұрайлы қарайды. Сондай-ақ, бағам жылдық айналымы 25 млн теңгеге дейінгі микробизнес қызметіне ең аз әсер етеді. Осы санаттың тек 30%-ы теріс салдарларды атап өтеді, дегенмен «106–1035 млн теңге» сегментінде олардың 45%-ы бар. Сондай-ақ, өздерін микробизнеске жатқызатын респонденттердің 38%-ы бағамның әсерін сезбейді, ал көлемнің қалған сегменттерінде бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен. Мысалы, «26–105 млн теңге» сегментінде олардың үлесі 26%-ды құрады. Өңірлер тұрғысынан алғанда, доллар бағамынан көбірек теріс әсерді Алматы және Маңғыстау облыстарының ШОБ-ы сезінеді (48%). Алматы мен Астанада респонденттердің 41%-ы доллар бағамының өзгеруінен кері әсерді атап өтті.
Салық кодексіне енгізілген өзгерістер теріс бағаланды
Бизнес үшін келесі қызықты мәселе 2023 жылғы қараша айындағы жағдай бойынша Салық кодексіндегі өзгерістер туралы болды. ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру негізгі ықтимал өзгеріс болып табылады. Респонденттердің төрттен біріне жуығы Салық кодексіндегі өзгерістермен таныс емес болғандықтан олар үшін жауап беру қиынға соқты. 40,5%-ы теріс жауап берді, 18%-ы оң жауап берді. Теріс жауап бергендердің жартысы ШОБ-қа салық жүктемесі қатты өседі деп сенеді, ал екінші жартысы ҚҚС мөлшерлемесінің өсуіне байланысты инфляцияның ықтимал өсуін атап өтті. Респонденттердің 17%-ы бейтарап болып шықты, ал 15%-ы тек оң жауап берді, себебі салық салу нарыққа барлық қатысушы үшін ашық болады.
Салық кодексіндегі өзгерістер мәселесі бойынша ең көп пессимистер – сауда саласында болды: олар 46%-ды құрайды. Олардың сәл аз бөлігі (41%) – құрылыста, бірақ бұл жерде теріс жауаптардың үлесі әлдеқайда аз: саудадағы 25%-ға қарағанда 8,3%-ды құрайды. Ең аз теріс жауап өнеркәсіп секторында байқалады, онда тек 29,5%-ы теріс жауап берді. Оның үстіне, осы сектордағы компаниялардың 20%-ы әсер оң, ал 36%-ы бейтарап болады деп санайды. Қалған секторларда бейтарап жауаптардың үлесі 12-19%-ды құрайды.
Бір қызығы, компаниялардың көлемі Салық кодексіндегі өзгерістер туралы хабардарлыққа теңбе-тең болып отыр. Жылдық айналымы 25 млн теңгеге дейін болатын микробизнестің 21%-ы бұл туралы білмейді, ал айналымы 1,036 млрд теңгеден басталатын орта бизнес арасында олардың үлесі тек 7,7%-ын құрады. Осының аясында микробизнес компанияларының аз бөлігі орташа бизнеспен салыстырғанда өзгерістерді теріс бағалайды: 77%-ға қарағанда 34%-ды құрады. Бұл ҚҚС шегі 25 млн теңгеден айтарлықтай жоғары болуымен байланысты болуы мүмкін, демек, микробизнес үшін ҚҚС мөлшерлемесінің ірілеу әріптестеріне қарағанда ұлғаюы осыншалықты қызық болмауы мүмкін.
Ірі өңірлердің арасында Қостанай облысындағы ШОБ өзгерістерге көңілі толмайды, онда теріс жауаптардың үлесі 63%-ға жетті. Алматы қаласы осы көрсеткіш бойынша үшінші орынға жайғасып, 52%-ды құрады, ал Астанада осындай көрсеткіш тек 27%-ға жетеді, бұл соңынан санағанда төртінші нәтиже болып табылады.
Қорытындылар мен тұжырымдар
Қазақстандық шағын және орта бизнес 4-тоқсанда, әсіресе, оң нәтиже көрсеткен Іскерлік көңіл-күй индексі (ІКИ) және Іскерлік белсенділік индексі (ІБИ) тұрғысынан оң үрдістерді көрсетуді жалғастыруда. Сонымен бірге, ІКИ-дің, сондай-ақ өндірістік секторда да, сондай-ақ қызмет көрсету саласында да ІБИ-дің барлық төрт компоненті оң нәтиже көрсетті. Алайда, 4-тоқсанда бизнестегі әртүрлі кедергілердің деңгейі күрт өсті.
ІКИ компоненттеріне қарағанда, қазақстандық бизнес белсенді түрде одан әрі кеңеюде және болашақта кеңеюді жоспарлап отыр. Бизнес субъектілерінің шамамен 30%-ы қарыз қаражатының есебінен кеңеюді жоспарлап отыр. Кредитке берілетін өтінімдерді мақұлдау ұлғайды және компаниялардың көбінің кредиттері бар, бұл шағын және орта бизнестегі оптимизмді немесе кредит алу үшін талаптардың жақсартылғанын көрсетуі мүмкін. Ұлттық Банктің статистикасы да бұл үрдісті растап отыр. 2023 жылдың басынан 1 желтоқсанына дейін ШОБ-қа берілген кредиттердің көлемі 5,5 трлн теңгеден 6,4 трлн теңгеге дейін өсті. Шағын бизнес сегментіндегі өсім ерекше байқалады, ол сол кезеңде қарыз алуды 3,9-дан 4,9 трлн теңгеге дейін ұлғайтты.
Әдетте, сату жағынан маусымдық тұрғыдан мықты болып саналатын жылдың төртінші тоқсаны түсімнің нақты өсуі бойынша 3-тоқсанға қараған жақсы нәтиже көрсетті. 4-тоқсанда түсімнің өсуін көрсеткен компаниялардың саны айтарлықтай өсті, дегенмен бәрі де өздері күткендей болмады. 3-тоқсанның қорытындысы бойынша жүргізілген сауалнамада көбіне ШОБ субъектілері іс жүзінде болған жағдайға қарағанда өсуді күтті. Қызметкерлердің санын ұлғайту тұрғысында бәрі айтарлықтай тұрақты, ал ШОБ қызметкерлер санын одан әрі кеңейтуде және әрі қарай кеңейтуді жоспарлап отыр, бұл кеңейту жоспарларына сәйкес келеді.
Екінші жағынан, 4-тоқсанда кадрлардың жетіспеушілігіне шағымданатын компаниялардың саны айтарлықтай өсті. Бизнестегі кедергілердің басқа түрлерінің өсуі де байқалады. ШОБ субъектілерінің көпшілігі экономикалық саясатты, жалға алу құнын және сұраныстың жеткіліксіздігін өз бизнесін жүргізуге негізгі кедергілер ретінде көрсетеді. Келесі тоқсандарда кедергілердің ұлғаюы ІКИ-дің және ІБИ-дің болашақ көрсеткіштеріне қалай әсер ететінін, сондай-ақ оның бір жолғы екенін бағалауға болады.
Сондай-ақ, саланың, көлемнің және өңірдің қорытынды нәтижелерге қалай әсер ететінін атап өту қызықты. Мысалы, ІКИ-ге сәйкес, кірістердің ұлғаюына және қызметкерлер санын кеңейтуге дайын болуға байланысты өнеркәсіп кәсіпорындары неғұрлым оң нәтиже көрсетті. Сауда саласы ең нашар нәтиже көрсетті, онда түсімнің өсуі мен кредит алудың оң трендтері теріс трендтерден әрең асады. Өнеркәсіп пен құрылыс салалары сауда мен қызметтерге қарағанда аз кедергілерге ұшырайды. Алайда, компаниялардың көлемдері бойынша сегменттер арасындағы айырмашылықтың бірдей деңгейін көрсетпейді. Өңірлер тұрғысынан Ақтөбе және Маңғыстау облыстары оң нәтижесімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, Астананың ШОБ субъектілері Алматыдағы әріптестеріне қарағанда әлдеқайда оптимист болып саналады.
Өндірістік сектордағы және қызмет көрсету саласындағы ІБИ индекстері оң нәтиже көрсетіп отыр. Алайда, өндіріс секторы жаңа тапсырыстар санының көбеюіне, сондай-ақ өндіріс пен шикізат қорлары бойынша жағдайлардың жақсаруына байланысты қызмет көрсету саласына қарағанда неғұрлым айқын оң нәтиже көрсетеді. Бұл өнеркәсіп және құрылыс сияқты салалар үшін жоғары ІКИ көрсеткіштерімен жақсы байланысты. Екінші жағынан, қызмет көрсету саласының ІБИ бейтарап шекарадан небәрі 1 тармаққа жоғары, ал компаниялардың көбі жеткізу уақыты мен қорлар бойынша жағдайдың нашарлағанына алаңдайды. Сондай-ақ, сауда мен көрсетілетін қызметтердегі ШОБ-тың аз санында жаңа тапсырыстар өсті.
Қазақстан ШОБ-тың доллар мен рубль бағамы өзгерістерінің, сондай-ақ 2023 жылғы қарашадағы жағдай бойынша ҚР Салық кодексіндегі өзгерістердің ықпал етуіне қатысты үш конъюнктуралық сұрақ қойылды. Компаниялардың көбі рубль бағамының өз бизнесіне тікелей әсерін әлі де байқамайды. Алайда, мұндай компаниялардың үлесі 4-тоқсанда айтарлықтай төмендеді. Компаниялардың көбі рубль бағамының ауытқуының теріс әсерін әсіресе Ресеймен шекаралас өңірлерде байқай бастады. Екінші жағынан, доллар бағамы ШОБ-ты Ресей валютасының бағамына қарағанда көбірек алаңдатады. Рубль бағамына қарағанда доллар бағамын ескермейтін компаниялардың үлесі айтарлықтай аз. Компаниялардың көбі өз бизнесіне доллар бағамының рубльмен салыстырғанда тікелей әсерін көреді. Салық кодексіндегі өзгерістер, атап айтқанда ҚҚС мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға дейін ұлғаюы негізінен теріс қабылданды: оң жауап бергендердің 18%-мен салыстырғанда теріс жауап бергендердің үлесі 40%-ды құрады. Бұл ретте, компания неғұрлым шағын болса, бұл өзгерістер туралы білмейтіндердің саны соғұрлым көп, бұл микробизнестің ҚҚС-ты төлеу шегіне жетпеуіне байланысты болуы мүмкін.
Нәтижесінде, шағын және орта бизнесті зерттеудің екінші толқыны оң трендтің жалғасуын көрсетеді. Алайда, 4-тоқсанның маусымдық әсері бар деп болжауға болады. Бұған дейін айтылғандай, ШОБ-тағы оң нәтижелерді жалпы алғанда «аман қалғандардың қателігі» деп түсіндіруі мүмкін, себебі шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда жабылуы мен ашылуы жедел жүзеге асырылады. Ірі бизнес қаржылық ресурстары аз ШОБ-қа қарағанда әлсіз циклды бастан кешіруі мүмкін. Жалпы алғанда, бұл зерттеу нарыққа барлық қатысушы, соның ішінде мемлекеттік органдар, банктер және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үшін шағын және орта бизнес саласындағы трендтер мен проблемаларды анықтау үшін пайдалы болуы мүмкін.