Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын 40 құжатқа қол қойылды

Астанада Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 7-ші отырысы өтті.

Іс-шараға 500-ден астам адам жиналды, оның ішінде 50 қытайлық ірі компания бар.

Жалпы құны 3,7 млрд доллардан астам соманы құрайтын 40 құжатқа қол қойылды, соның ішінде 16 құжатқа «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы қытайлық серіктестермен қол қойды.

Атап айтқанда:

1. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Sany Renewables Energy арасындағы ЖЭС компоненттерін шығару бойынша келісіи

2. «Самұрық-Қазына» АҚ мен SANY Group арасындағы ынтымақтастық туралы келісім

3. «Самұрық-Қазына» АҚ мен China Energy Overseas Investment Co., Ltd. арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум

4. «Самұрық-Қазына» АҚ мен CNPC арасындағы негіздемелік келісім

5. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен CNPC арасындағы негіздемелік келісім

6. «ҚазМұнайГаз» мен CNPC арасындағы негіздемелік келісім

7. «ҚазМұнайГаз» АҚ, Sinopec және СИБУР арасындағы «Силлено» жобасына қатысты қатысушылар арасындағы үш жақты хаттама

8. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен CRRC арасында 200 локомотив жеткізу туралы шарт

9. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ мен «Ляньюньган порты МК» ЖШҚ арасындағы Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салу жобасын инвестициялау туралы келісім

10. «Самұрық-Энерго» АҚ мен China International Water & Electric Corp (CWE) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім

11. «KEGOC» АҚ мен China Energy International Group арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

12. «Қазпошта» АҚ және YTO Express бірлескен кәсіпорнының құрылтай шарты

13. «Қазпошта» АҚ мен «YM Trans (Guangzhou) International Forwarding» арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім

14. «Қазпошта» АҚ мен China Communications Construction Co,. Ltd. арасындағы электрондық коммерцияны дамыту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум

15. «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы мен China venture capital Asset Management Company Limited арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

16. «КTZ Express» АҚ, Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co ., Ltd. Және «Славтранс-Сервис» АҚ арасында Қытай-Қазақстан-Ресей бағытында бірыңғай цифрлық дәліз құру туралы үшжақты келісім