Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қытай Халық Республикасының делегациясымен келіссөздер жүргізді. АШМ басшысымен Сиань қаласы парткомының хатшысы Фан Хунвэй және «Сиань Ай Цзюй» нан және май өнеркәсіптік корпорациясының төрағасы және бас директоры Цзя Хэй кездесті. Кездесуде тараптар АӨК саласындағы ынтымақтастықты, бірлескен жобаларды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт-импортының өзекті мәселелерін талқылады.

Айдарбек Сапаров Қазақстаннан Қытайға 1 718 отандық кәсіпорын: өсімдік шаруашылығы өнімі бойынша 1 629 кәсіпорын және мал шаруашылығы өнімі бойынша 86 кәсіпорын экспортталатынын еске салды. Елдер арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-тамызда 798,9 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (462,6 млн доллар) салыстырғанда 72,7%-ға жоғары. Қазақстан мен Қытай айналым көлемін ұлғайтуға ниетті, сондықтан 2023 жылдың қараша айының басында елге ҚХР Бас кеден басқармасының сарапшылары келеді.

Олар Қазақстанның ветеринариялық жүйесіне аудит және мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға мүдделі кәсіпорындарға инспекция жүргізеді. Тексеру барысында Қытай тарапы өндірістің толық тізбегін – ауыл шаруашылығы жануарларын ұстаудан өнімді экспортқа жөнелтуге дейінгі кезеңді бағалауды жоспарлап отыр. Аудит сәтті өтсе, Қазақстаннан аусыл мен құс тұмауына қойылған шектеулер алынып тасталады, нәтижесінде отандық тауар өндірушілер үшін ең ірі нарықтардың бірі Қытайға мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты артады.

АШМ басшысы сондай-ақ делегаттармен Қазақстаннан Қытайға ауыл шаруашылығы тауарлары экспортының екі есеге өсіп, 653,3 миллион долларды құраған өсімін талқылады:

«Ауыл шаруашылығының негізгі экспортталатын өнімдері: зығыр тұқымы, бидай, арпа, күнбағыс майы, күнбағыс тұқымдары, дәнді немесе бұршақ дақылдарын қайта өңдеу қалдықтары, басқа да майлы дақылдардың тұқымдары мен жемістері, рапс майы, жануарларды азықтандыруға арналған өнімдер және темекі шикізаты», - деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Жалпы экспорттың өсуінен басқа, министр ҚХР-да қазақстандық астықтың жыл сайынғы тұтынуының өсу үрдісін атап өтті. Осының нәтижесінде, сондай-ақ географиялық орналасуы мен ортақ шекараның болуын ескере отырып, Қазақстан Қытайды отандық астық пен ұнды өткізудің перспективалық нарығы ретінде қарастырады.

2023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанға Қытайдан импортталған ауыл шаруашылығы тауарларының көрсеткіші 1,8%-ға өсіп, 145,6 млн долларды құрады. Негізгі импортталатын тауарлар: қызанақ, жаңғақтар, көкөністер және цитрустық жемістер.

Сонымен қатар, Айдарбек Сапаров делегация өкілдерімен индустрияландыру және инвестиция саласындағы бірлескен Қазақстан-Қытай жобаларын талқылады. Бүгінде олардың қатарында жалпы сомасы 426 миллион АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы саласындағы алты жоба бар. Құны 139 миллион доллар болатын үш бірлескен жоба әзірлеу сатысында.

Қазіргі уақытта Қазақстан Қытай нарығына өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің 24 түрін, оның ішінде бидай, зығыр тұқымы, арпа, жоңышқа, жүгері, бидай кебегі мен жемді экспорттау бойынша Қытаймен қол қойылған хаттамалар бар. Қытайға агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тағы 12 түрін, оның ішінде картоп, тері, бие сүті, құс еті және құс өнімдерін, жылқы еті, салқындатылған сиыр еті, қой еті мен шошқа еті, сондай-ақ тірі ІҚМ экспортына қойылатын ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды келісу мүмкіндігі пысықталуда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 17-18 мамырдағы ҚХР Сианьға ресми сапары аясында тұқым экспортына қойылатын санитариялық және фитосанитарлық талаптар туралы, бұршақ пен жасымықтың экспорттық партияларына қойылатын карантиндік және фитосанитариялық талаптар туралы, су өнімдерінің экспорты бойынша хаттамаларына қол қойылды.