2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 31,5 млрд АҚШ долларын құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 30,4% артық.
Сауда айналымының басым бөлігін дәстүрлі түрде импорт құрады: 16,8 млрд АҚШ доллары, бір жылда 52,7% көбейген. Бұл ретте Қазақстаннан Қытайға экспорты бір жылда 11,7% өсіп, 14,7 млрд АҚШ долларына жетті.
ҚР-ның тауар айналымының жалпы құрылымындағы Қытайдың үлесі 22,5%, импорт құрылымында – 27,4%, экспортта – 18,7%.
Қытайдан ҚР-ға импортталатын тауарлардың ең танымал санаты – трикотаж және тоқыма киім мен киім бұйымдары: ақшалай 2,4 млрд АҚШ доллары, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,9 есе көп.
Сонымен қатар, импортталатын танымал тауарларға телефон, автокөлік және оның бөлшектері, компьютер жән оның бөлшектері жатады.
Қазақстан Қытайға негізінен шикі мұнай мен мұнай өнімдерін жөнелтті – 3,8 млрд АҚШ долларына, бұл бір жыл бұрынғыдан 8,2% аз. Экспорттың басқа негізгі санаттарына тазартылған мыс және шикі мыс қорытпалары, табиғи газ, бағалы және сирек жер металдары мен радиоактивті элементтер, ферроқорытпалар жатады.