Astana International Exchange (AX) Қырғызстандық алғашқы эмитенттің жасыл облигацияларды сәтті шығарғанын қуана хабарлайды, бұл өңірдегі орнықты қаржыландыру мен жаңартылатын энергетикаға инвестицияларды ілгерілетудегі айтулы сәт болды. «PlanDeM» LLC тіркеген Жасыл бондтар бағдарламасы болашақта түрлі валюталарда және түрлі мерзімге облигациялар шығаруға мүмкіндік береді.

«PlanDeM» LLC Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейді және әртүрлі юрисдикцияларда күн және жел электр станцияларын салу жобаларын белсенді түрде іске асырады. Компания қазіргі уақытта Қазақстанда, Шри-Ланкада, Сербияда, Оңтүстік Африкада және басқа елдерде қуаты 1,6 ГВт-тан асатын күн және жел электр станцияларының жобаларын әзірлеуде. Эмитенттің негізгі қызметі жаңартылатын энергетика саласындағы инвестицияларға бағытталған. Бұл шығарылым арқылы AIX жауапты қаржыландыру құралдарын көбейту арқылы аймақтағы тұрақты дамуды қолдауға ұмтылады.

«Бұл орналастыру AIX-тің жаһандық орнықты даму мақсаттарын қолдайтын инновациялық қаржы құралдарын әзірлеуге бейілдігін көрсетеді. Қырғызстандық алғашқы эмитент үшін жасыл облигациялар шығарылымын ұйымдастыра отырып, AIX жаһандық энергетикалық ауысуға ықпал ететін трансформациялық жобаларды қаржыландыру орталығы ретіндегі позициясын нығайтуды жалғастыруда», — дейді AIX нарықтар мен өнімдер жөніндегі басқарушы директоры Біржан Астаев.

«AIX инфрақұрылымы арқылы қаражат тартудың басты мақсаты – Қырғыз компаниясының Маврикийдегі операциялық холдинг арқылы жүзеге асыратын жаңартылатын энергетика саласындағы жобаларға инвестиция жинау. Бұл жобалар тұрақты дамуға бағытталған, соның ішінде дамушы нарықтарда таза энергияға көшуге және көміртегінің шығарылуын азайту мақсатымен күн және жел электр станцияларын салуды қамтиды.Өзі жұмыс істейтін аймақтарда әлеуметтік-экономикалық дамуға септігін тигізе отырып, компания аймаққа да, барлық мүдделі тараптарға да ұзақ мерзімде пайда әкелуге тырысады», — дейді «PlanDeM» ЖШС директоры Улан Джапаров.

Облигациялармен сауда-саттық 2024 жылғы 20 желтоқсанда, өтеу күні – 2054 жылғы 20 желтоқсанда басталады. Шығарылымның жалпы көлемі 370 млн Қытай юанын құрайды, облигацияның номиналды құны 1000 юань. Облигациялар 1 жылдық SHIBOR сомасына тең өзгермелі пайыздық мөлшерлемені және жылдық 1,7% маржаны ұсынады. Купондарды төлеу тоқсан сайын, шығарылған күннен кейінгі оныншы жылдан бастап жүзеге асырылады.