FlyArystan жолаушыларға қыс маусымындағы әуе тасымалдаулар мен рейстердің кешігуі мен орындалмауы жағдайларында өтемақы шаралары туралы еске салады.
Әуе тасымалдауларына әсер ететін түрлі факторлар бар, олардың кейбірі әуекомпанияға тәуелді болса, ал кейбірі тәуелсіз.
Әуекомпанияға тәуелсіз кешігу себептері:
- Ауа райы жағдайлары;
- Табиғи апаттар;
- Ұшақ қозғалтқышына құстардың түсуі;
- Әуежай қызметіне қатысты себептер;
- Басқа да күтпеген жағдайлар
Мұндай жағдайларда жолаушыларға не ұсынылады?
1. Рейс статусы 2 сағаттан астам уақытқа өзгерсе – салқын сусындар;
2. 4 сағаттан астам уақытқа өзгерсе – ыстық тағам;
3. 5 сағаттан астам уақытқа өзгерсе – орындар болған жағдайда, жолаушыларға жақын рейске бір рет тегін қайта брондау мүмкіндігі беріледі.
Қысқы маусым авиация саласына дәстүрлі түрде қиындықтар тудырады, ал осы кезеңде басты шаралардың бірі – мұздануға қарсы алдын ала өңдеу (яғни, ұшақтарды мұздан және қардан тазарту). Бұл процесс ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды, дегенмен ұшу кестесіне елеулі әсер етуі мүмкін. Әуежайларда жүктеме жоғары болған кезде мұндай өңдеуді ұйымдастыру ерекше қиындық тудырады. Шектеулі ресурстар, жабдықтың жетіспеушілігі және ауа райы жағдайлары рейстердің кешігуі мен жойылуына себеп болуы мүмкін.
Ауа райынан бөлек, рейс кестесіне әсер ететін басқа да күтпеген жағдайлар орын алуы ықтимал.
Әуекомпанияға тәуелді кешігу себептері:
- Өндірістік себептер;
- Техникалық себептер.
Бұл сегменттегі ең жиі кездесетін себептердің бірі – әуе кемесінің келуін күту, бұл өз кезегінде рейс кестесінде «домино» әсерін тудырады. Бұл жағдай, әсіресе, лоукостерлер үшін айқын байқалады, себебі олардың рейс кестесі тығыз әрі уақыт аралығы қысқа (FlyArystan ұшақтары арасында 30 минут) жоспарланған. Тіпті, ауа райы қолайлы болған жағдайда да әуежайда жүктеме немесе ұшу бағыты бойынша қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы, ұшақтың мұздануы немесе көріну нашарлығы, бұл да ұшу кестесіне әсер етеді.
Бұл жағдайда жолаушыларға қандай қызметтер ұсынылады?
1. Сұрау бойынша және бар болған жағдайда – жеті жасқа дейінгі балалар мен жолаушыларға арналған ана мен бала бөлмесі;
2. Рейс статусы 2 сағаттан астам уақытқа өзгерсе – салқын сусындар, екі телефон қоңырауы (халықаралық байланыстарды қоса алғанда) немесе әрқайсысы 5 минуттан аспайтын екі электронды пошта хабарламасы;
3. 4 сағаттан астам уақытқа өзгерсе – ыстық тағам;
4. Күндізгі уақытта 8 сағаттан, түнде 6 сағаттан астам уақытқа өзгерсе – сұрау бойынша қонақ үйге орналастыру, сонымен қатар қонақ үйге дейін және кері тасымалдау;
5. 5 сағаттан астам уақытқа өзгерсе – орын болған жағдайда, келесі жақын рейске жолаушыларға тегін қайта брондау немесе егер қайта брондау мүмкін болмаса, толық қайтарымды алуды таңдау мүмкіндігі ұсынылады.
Бұл қызметтерді алу үшін жолаушылар әуежайда FlyArystan өкілдеріне жүгінуі қажет. Жолаушылар өкілдерге жүгінбеген жағдайда немесе қонақ үйлерде орын жоқ не тамақтану мүмкіндігі болмаған жағдайларда, растайтын құжаттар ұсынылған болса, әуекомпания қызметтерге кеткен шығындарды өтейді.
Билетті қалай қайта брондауға немесе қайтаруға болады?
Егер әуебилет ресми сату арналарынан, яғни FlyArystan мобильді қосымшасы немесе компания сайтынан сатып алынған болса, жолаушы «Менің сапарым»/«Броньді басқару» бөлімінде ұшудың күнін өзі өзгерте алады.
Егер әуебилет әуекомпанияның байланыс орталығы немесе сыртқы ресурстары (Aviata, Kaspi Travel, Halyk Travel, туроператорлардың кассалары және т.б.) арқылы сатып алынған болса, жолаушы ұшу күнін өзгерту немесе билетті қайтару үшін сатып алу орнына жүгінуі керек
Кешігулер немесе өзгерістер туралы қалай білуге болады?
FlyArystan рейстердің кешігуі туралы жолаушыларды WhatsApp арқылы хабардар етеді, сондай-ақ телефон нөміріне SMS немесе билетті сатып алу кезінде көрсетілген электронды пошта арқылы да ақпарат жібереді. Осы кезекте, әуекомпания жолаушылардан брондау кезінде дұрыс байланыс деректерін көрсетуін және рейс статусы туралы ақпаратты сайттан тексеруін сұрайды.
Кейде нақты күнді анықтау қиын болуы немесе жоспарлар кенеттен өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдайда билеттерді икемді түрде басқару мүмкіндігі өте ыңғайлы. Мысалы, FlyArystan әуекомпаниясы ұсынатын Ozgert қызметі ұшу күнін айыппұлсыз өзгертуге мүмкіндік береді, әрі бұл қызметті кез келген билетке қосуға болады.
Кешігулерді азайтып, барлық алдын ала ұшуға қажетті рәсімдерді уақытылы орындау үшін біз жолаушыларға әуежайға ерте келуді ұсынамыз. Бұл мереке күндері әуежай қызметтерінің артуы мен бақылау рәсімдерінде туындауы мүмкін кешігулерден туындаған стресстік жағдайларды болдырмауға көмектеседі.
FlyArystan рейстердің кешігуі мен орындалмауын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, ұшулардың қауіпсіздігі мен жолаушылардың жайлылығына ерекше назар аударады. Сонымен қатар, әуекомпания әуежайлармен координацияны жақсарту және ішкі процестерді оңтайландыру арқылы теріс әсерді азайтуға бағытталған түрлі шаралар қабылдайды. Алайда, күтпеген кешігулерден туындаған тәуекелдер әлі де қалады, бұл өз кезегінде жолаушылар арасында деструктивті мінез-құлықтың көбейуіне әкелуі мүмкін. Біз жолаушыларды кешігулерге түсіністікпен қарауға және ұшу қауіпсіздігі әуекомпания үшін басты құндылық екенін ұмытпауға шақырамыз.