Қазақстан Темір Жолы ұлттық компаниясына қарасты ҚТЖ Экспресс AIX биржасынан жыл сайынғы SARON + 2,2% құбылмалы мөлшерлемесі бойынша швейцариялық франк бағамына индекстелген 90,5 млрд теңгеге «мерзімсіз» облигация орналастырды.
Өткен аптада да компания AIX-те әрқайсысы 1000 теңгеден 20 млн дана, жалпы құны 20 млрд теңгенің облигацияларын орналастырған еді. Құнды қағаз алғашқы үш айда жылдық 3% мөлшерлемемен орналастырды, 2025 жылдың 12 наурызынан бастап мөлшерлеме базаға +2% байланады.
Слнымен қатар тауда Қазақстан Темір Жолы осы компанияны бір акциясы 13 272 667 теңгеден 1000 акцияны орналастыру арқылы қосымша 13,272 млрд теңгеге капиталдандырылатыны белгілі болды. Оларды жалғыз акционер «Самұрық-Қазына» қоры сатып алады.