«ҚазТрансОйл» АҚ сәуір айында Баку порты бағытындағы қазақстандық мұнай экспортын 75%-ға арттырды.
Сәуірде Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемі 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 60,5 тоннаға немесе 24%-ға өсті. Осылайша жалпы көлем - 312,6 мың тоннаны құрады, оның ішінде Теңіз кен орнынан 115 мың тонна, 19,2 мың тонна Доңға кен орнынан және 178,3 мың тонна Бозашы түбегінің кен орындарынан жөнелтілді.
Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің өсуі Баку порты бағытында жөнелтілетін шикізат көлемінің 2023 жылдың наурызымен салыстырғанда 87 мың тоннадан 152,4 мың тоннаға немесе 75%-ға ұлғаюы есебінен болды. Сонымен қатар, есепті кезеңде Ақтау портынан Махачкала порты бағытында 160,2 мың тонна мұнай жөнелтілді.
Еске сала кетейік, 2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кенішінен «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісімге қол қойды.