ҚазТрансОйл АҚ мұнай тасымалдау көлемі 2023 жылдың 9 айында 32 млн тоннаны құрады.
ҚазТрансОйл АҚ 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өндірістік қорытындыларын шығарды. Есепті кезеңде ҚазТрансОйл АҚ магистральдық мұнай құбырлары және жеке жүйесі бойынша 32 млн 416 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылғы 9 айдағы көрсеткіштен 2 млн 414 мың тоннаға артық.
ҚазТрансОйл АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды тасымалдау көлемі 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 428 мың тоннаға азайып, 13 млн 099 мың тоннаны құрады.
- «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 4 млн 296 мың тонна мұнай;
- «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС - 4 млн 136 мың тонна мұнай;
- «Павлодар мұнай - химия зауыты» ЖШС - 3 млн 962 мың тонна мұнай;
- «CASPI BITUM» БК» ЖШС-705 мың тонна мұнай жеткізілді.
«Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 7 млн 299 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы 9 айдағы көрсеткіштен 660 мың тоннаға артық.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесі бойынша 8 млн 324 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылғы 9 айдағы көрсеткіштен 128 мың тоннаға артық.
«Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырына 8 млн 438 мың тонна мұнай ауыстырып тиелді. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 24 мың тоннаға азайды.
«Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 2 млн 122 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы 9 айдағы көрсеткіштен 1 млн 378 мың тоннаға артық.
Ақтау портындағы танкерлерге қуаттарды пайдалана отырып мұнай құю
«ҚазТрансОйл» АҚ 2 млн 485 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 864 мың тоннаға артық.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайдың жеке жүк айналымы 25 млрд 125 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 209 млн тонна-километрге аз.
«ҚазТрансОйл» АҚ мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 32 млрд 237 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен 428 млн тонна-километрге аз.
«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 13 млн 913 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 345 мың тоннаға аз. Мұнай айналымы 12 млрд 531 млн тонна-километрді құрады, бұл 2022 жылғы 9 айдағы нәтижеден 407 млн тонна-километрге кем.
Мұнайды «МұнайТас» СЗТК» ЖШС мұнай құбыры арқылы тасымалдау көлемі 3 млн 987 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65 мың тоннаға кем. Мұнайдың жүк айналымы 30 млн тонна-километрге азайып, 1 млрд 606 млн тонна-километрді құрады.
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай өнімдері мен газды ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 213 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 364 мың тоннаға аз.
Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына «Астрахан-Маңғышлақ» су құбыры бойынша «Магистральдық су ағызғы» ЖШС - не 22 млн 38 мың текше метр тұщы су берілді, 2022 жылғы 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда су жеткізу көлемі 1 млн 164 мың куб. т.м. аз болды.