ҚазТрансОйл 2022 жылғы жай акциялары бойынша дивидендтер төледі, деп хабарлайды KASE.
2023 жылдың 24 мамырында ҚазТрансОйл акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында 2022 жылға компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды.
Дивидендтер төленетін кезең – 2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін.
Бір жай акцияға дивиденд мөлшері – 39 (отыз тоғыз) теңге.
ҚазТрансОйл акционерлеріне дивидендтер түрінде төленуге жататын қаражаттың жалпы сомасы – 15 000 495 861 (он бес миллиард төрт жүз тоқсан бес мың сегіз жүз алпыс бір) теңге.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін компанияның 19 млрд теңге таза табыс тапқанын хабарлаған едік.
2022 жылдың қорытындысы бойынша жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар акционерлер тізімі 2023 жылдың 5 маусымында 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша тіркелді.