Қазақстанның мемлекеттік газ тасушы компаниясы ҚазТрансОйл 2019 жылғы пайдасын толығымен акционерлерге дивидент ретінде төлемекші. Осылайша акционерлер акция басына 118 теңгеден пайда таппақ.
Айта кетейік, "ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесінің шешімен, компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 2020 жылғы 27 мамырға шақырылғаны хабарланған еді.
Жиналыста 2019 жылғы «ҚазТрансОйл» АҚ-тың таза табысын, өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшері бекітілмек.