«Қазпошта» 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығын 1,1 млрд теңге шығынмен аяқтады. Бұл 2025 жылдың осы кезеңіндегі 529,8 млн теңге шығынмен салыстырғанда екі есе көп.
Компанияның жиынтық кірісі де айтарлықтай төмендеген:
2026 жылдың қаңтар–маусымында – 1,3 млрд теңге;
2025 жылдың осы кезеңінде – 6 млрд теңге.
Сонымен қатар шығыны:
2026 жылы – 2,8 млрд теңге;
2025 жылы – 6,56 млрд теңге болды.
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Қазпошта» 223,3 млн теңге таза пайда тапқан еді. Компанияның жалпы түсімі 67,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде:
пошта қызметтерінен – 41,2 млрд теңге;
қаржылық қызметтер мен комиссиялардан – 21,7 млрд теңге;
өзге операциялық қызметтен – 4,8 млрд теңге.
Алайда қызметтің өзіндік құны 81,1 млрд теңгеге жетіп, кірістен асып түсті. Компанияның қаржылық нәтижесіне ауылдық жерлердегі пошта қызметін субсидиялауға байланысты 9,6 млрд теңге мемлекеттік субсидия, сондай-ақ 8,5 млрд теңге таза пайыздық табыс және 2 млрд теңге валюта операцияларынан түскен табыс оң әсер етті.
«Қазпоштаның» 100% акциясы «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі. Компания пошта және қаржылық қызметтер көрсетумен қатар, банктердің агенті ретінде несие беру және өтеу операцияларын жүзеге асырады. Сондай-ақ Германиядағы Kazpost және Сингапурдағы QAZPOST PTE. LTD еншілес компанияларына иелік етеді.
2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында «Қазпошта» АҚШ Қаржы министрлігінің 252,3 млн долларлық халықаралық облигацияларын сатып алған.