«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы тәуелсіз аудитордың есебімен қоса, 2023 жылдың қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес дайындалған шоғырландырылған қаржы есептілігін жариялады.

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылдың басты қаржы көрсеткіштері:

  • Түсім 8 693 млрд теңгемен (18 860 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 8 320 млрд теңгені (18 236 млн АҚШ доллары) құрады;
  • EBITDA көрсеткіші 2 536 млрд теңгемен (5 502 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 995 млрд теңгені (4 372 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесті үлесті ескергенде, компанияның таза пайдасы 1 307 млрд теңгемен (2 835 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 924 млрд теңгені (2 026 млн АҚШ долларын) құрады;
  • Бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда 778 млрд теңгемен (1 687 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 010 млрд теңгеге (2 214 млн АҚШ долларын) жетті;
  • Бос ақша ағымы 1 116 млрд теңгемен (2 421 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 984 млрд теңгені (2 157 млн АҚШ долларын) құрады;
  • 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жалпы қарыз 2022 жылғы 31 желтоқсандағы 4 154 млрд теңге (8 980 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 3 757 млрд теңгеге (8 265 млн АҚШ доллары) жетті;
  • Компанияның 2023 жылғы 31 желтоқсандағы таза қарызы 2022 жылғы 31 желтоқсандағы 2 154 млрд теңге (4 655 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 1 645 млрд теңгені (3 620 млн АҚШ доллары) құрады.

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылғы өндірістік көрсеткіштер:

  • ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қоры (2P) 3,7% артып, 733 млн тонна м.э. құрады;
  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 6,9% өсіп, 23 532 мың тоннаға жетті;
  • Мұнай тасымалдау көлемі 7,6% өсіп, 80 359 мың тоннаға жетті;
  • Қазақстандық және румындық мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын (КСШ)  өңдеу көлемі 19 900 мың тоннамен салыстырғанда 19 593 мың тонна болды.

2023 жылғы қаржы нәтижелеріне шолу

Түсім 8 320 млрд теңгені (18 236 млн АҚШ долл.) құрап,  2022 жылғы көрсеткіштен 4,3% төмен болды.

Түсім динамикасына Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының 2022 жылмен салыстырғанда  2023 жылы 18,4-ға төмендеуі кері әсерін тигізді.

Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар пайдасындағы үлесі негізінен «Теңізшевройл» ЖШС-нен түсетін пайданың 402 млрд теңгеге (864 млн АҚШ доллары) және Каспий Құбыр Консорциумынан түсетін пайданың 53 млрд теңгеге (114 млн АҚШ доллары) азайю салдарынан 46,1%-ға төмендеп, 534 млрд теңге (1 171 млн АҚШ доллары) болды.

Компанияның таза пайдасы 2022 жылмен салыстырғанда 29,2% төмендеп, 924 млрд теңгені (2 026 млн АҚШ долларын) құрады. 

Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы үлеске түзетілген таза пайда 29,9%-ға, яғни 778 млрд теңгеден (1 687 млн. АҚШ долларынан) 1 010 млрд теңгеге (2 214 млн АҚШ долларына) дейін артты.