«ҚазМұнайГаз» АҚ 2024 жылдың 6 айындағы қаржылық және операциялық нәтижелері жарияланды.

Halyk Finance болжауынша, 2024 жылы ҚМГ рекордтық қаржылық нәтижелерді тіркей алады. Біздің болжауымызша, ҚМГ жиынтық кірісі (бірлескен кәсіпорындардағы кірістерді, қаржылық кірістерді және т.б) 10 трлн теңгеден асады, ал таза пайда 1,45 трлн теңгені құрайды. 

2022 жылдың соңғы тоқсанында IPO-дан бері ҚМГ акцияларының нарықтық құнының айтарлықтай өсу қарқынына қарамастан, эмитенттің үлестік құралдары негізгі нарықтың орташа мәндеріне сүйене отырып, нарықта әлі де төмен бағалануда. Біз IPO-дан кейінгі кезеңдегідей компания бұл жеңілдікті азайтып, акция бағасын жоғарылатады деп күтеміз, деп жазады Halyk Finance.

Сондай-ақ, эмитенттің болашақта борыштық жүктеменің азаюы және бос ақша ағынының өсуі аясында дивидендтер көлемін ұлғайтуға мүмкіндігі бар делінеді. Нәтижесінде ҚМГ акцияларын 12 айда 17 703 теңге мақсатты бағамен сатып алуды ұсынады.