Экономика бойынша Нобель сыйлығы үш америкалық ғалымға – Дарон Асемоглу, Саймон Джонсон және Джеймс Робинсонға – елдер арасындағы байлықтағы айырмашылықтарды зерттегені үшін берілді. 11 млн швед кроны (1,06 млн доллар) сыйақы үш ғалым арасында тең бөлінеді.
Нобель комитетінің мәлімдемесінде биылғы лауреаттардың жұмысы әр елдің әл-ауқаты үшін мемлекеттік институттардың маңыздылығын түсінуге көмектеседі:
«Заңдары әлсіз және мемлекеттік институттар халқын қанайтын елдер экономикалық өсуді тудырмайды. Лауреаттардың зерттеулері осының себебін түсінуге көмектеседі», — делінген ресми ақраратта.
Атап айтқанда, елдегі қоғамның басым бөлігін саяси шешімдер мен кірістерді бөлу бойынша шешімдер қабылдау үдерісінен шеттететін институттарды нығайту билік басындағыларға қысқа мерзімді жеңілдіктер бере алатыны атап өтілген. Дегенмен, барлық азаматтар үшін ұзақ мерзімді игіліктерді инклюзивті институттар ғана қамтамасыз ете алады, яғни экономикалық және саяси өмірге қоғамның барынша кең қабаттарын қосуға бағытталған.
«Елдер арасындағы табыс деңгейлеріндегі үлкен айырмашылықты азайту – қазіргі заманның үлкен міндеттерінің бірі. Лауреаттар осы мақсатқа жетуде мемлекеттік институттардың маңыздылығын көрсетті», - деп түсіндірді Экономикалық ғылымдар бойынша Сыйлық комитетінің төрағасы Якоб Свенссон.