2023 жылдың қорытындысы бойынша, алдын ала мәліметке сай, «ҚазМұнайГаз» АҚ 23,5 млн тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді.
Мұнай тасымалдау көлемі 80,3 млн тоннаны құрады, МӨЗ-де 18,5 млн тонна мұнай өңделді.
Компанияның өткен жылғы табысы 8,3 трлн теңгеден асты.
Өзен және Қарамандыбас кен орындарын қалпына келтіру бойынша, озық технологиялар мен құрал-жабдықтарды қолдануға басымдық беретін жоба қолға алынды.
Рожковское, Шығыс Өріктау және Оңтүстік Ақсай газ кен орындарында өндіру іске қосылды.
2023 жылы үш инвестициялық жобаны іске асыру аяқталды:
- «Астрахань-Маңғышлақ» су құбырын қайта жаңарту және кеңейту;
- Қашаған кешенді газ тазарту қондырғысында су құбырының құрылысы;
- Дедвейті 8 мың тонна екі мұнай танкерін сатып алу.
Келесі жобаларды 2024 жылы аяқтау жоспарлануда:
- Павлодар мұнай-химия зауытында сұйытылған көмірсутек газдарын тазарту қондырғысын салу;
- 5-ші газды кері айдау компрессорын орнату жобасы («ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС);
- Румынияда ЖЭО құрылысы («KMG International» ЖШС).
Сонымен қатар, отырыста ҚМГ тиімділігін арттыру және дамыту бойынша алдағы жоспарлар талқыланды.