Сарапшылар энергетика, ақпараттық технологиялар және жылжымайтын мүлік секторларына оптимистік көзқараспен қарайды, өйткені бұл үш сектор сатып алу рейтингтерінің ең көп санын құрайды, деп есептейді FactSet. Бұл туралы курсив жазады.
Сараптамалық агенттік төртінші тоқсандағы есеп беру маусымы алдында сарапшылар қай секторлардың акцияларын көбірек сатып алуға кеңес беретінін анықтау үшін әлемдік инвестициялық банктердің рейтингтерін зерттеді.
FactSet S&P 500 акциялары бойынша 10 616 рейтингтің үш секторы сатып алу бойынша ұсыныстардың көпшілігін құрайтынын анықтады. Яғни мына саладағы компаниялардың акцияларын сатып алу қажет. Энергетика (63%), ақпараттық технологиялар (62%) және жылжымайтын мүлік (62%).
Сарапшылар ең пессимистік тұтынушылық тауарлар сегменті (39%) және коммуналдық қызметтер (49%). Көбіне бұл саладағы компаниялардың бағалы қағазын сарапшылар әзірге сақтай тұруды ұсынады.
FactSet мәліметінше, сарапшылардың 63%-ы мұнай мен газ саласындағы компаниялардың бағалы қағазын алуды ұсынады. Ақпан айында осындай кеңес айтушылар 68% болған еді.
Ал жылжымайтын мүлік секторына қызығушылық керісінше көбейіп келеді. Ақпанда 55% болса, қазір 62%.