Қазхром трансұлттық компаниясы АҚ 2023 жылдың 01 маусымында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлайды.
Акционерлер компанияның 2022 жылғы аудиттелген қаржылық есебін бекітті. Компания 2022 жылы 486 млрд теңге таза табыс тапты.
Акционерлер 2022 жылға жай акциялар бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, Қазхром компаниясы Eurasian Resources Group (ERG) компаниясына тиесілі.
Ал ERG компаниясының 40% акциясы ҚР Қаржы министрлігіне, 20,7%-ы Әлижан Ибрагимовке тиесілі болған. Кәсіпкер 2021 жылдың 3 ақпанында қайтыс болды. Тағы 20,7%-ы Александр Машкевичке, қалған 18,6%-ы Патох Шодиевке тиесілі.