«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялады.
Топтың шоғырландырылған кірісі 2022 жылмен салыстырғанда 43% ұлғайып, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1 434 635 млн теңгені құрады (2022 жылы 1 001 171 млн теңгені құрады).
2023 жылдың қорытындысы бойынша операциялық пайда 680 812 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 49% ұлғайды (2022 жылы 455 962 млн теңгені құрады), негізінен 2023 жылы жоғарыда көрсетілгендей кірістің ұлғаюына байланысты.
2023 жылғы таза пайда 580 335 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 23% ұлғайды (2022 жылы 472 963 млн.теңгені құрады). Өсім, негізінен, жоғарыда айтылғандай, 2023 жылы операциялық кірістің өсуіне байланысты.
2023 жылы операциялық ақша ағындары 432 225 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда негізінен 283 859 млн теңге мөлшерінде едәуір ұлғайды.
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мерзімді депозиттерді қоса алғанда, ақша қаражаттары мен олардың баламалары 2022 жылғы 170 466 млн теңгемен салыстырғанда 24% ұлғайып, 211 920 млн теңгені құрады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 100% негізде және меншік үлесіне пропорционалды түрде 2022 жылдың ұқсас көрсеткіштерінен төмен болды, негізінен 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылға арналған өндірістік жоспардың шамалы төмендеуіне байланысты.
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ бойынша U3O8 дайын өнімінің шоғырландырылған қорлары (қалдықтары) 7 242 тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайдан 23% - ға төмен.
Топты теңгемен сату орташа бағасы 2023 жылы 65 344 теңге/кг құрады (55,09АҚШ доллар / фунт), бұл уранның орташа спот бағасының өсуіне байланысты 2022 жылмен салыстырғанда 26% жоғары. Ұқсас себептерге байланысты Компанияның орташа сату бағасы да жоғары болды.