2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында республика бойынша 6,8 млн литр коньяк (былтырғыдан 17,3% аз), 19,5 млн литр шарап (37,5% аз) өндірілді.
Есесіне сыра 3,3% көбейіп 565,1 млн литрге, арақ 20,2% ұлғайып 19,1 млн литрге жетті. Сонымен қатар өзге де алкогольді ішімдік өндірісі 45,6% көбейіп 1,7 млн литрге жетті.
Өңірлер бойынша тоғыз айда коньяк пен сыра шығаруда Алматы қаласы (тиісінше 3,1 млн және 245,9 млн литр), ал шарап шығаруда Алматы облысы (6,9 млн литр), арақтан Ақмола облысы (8,2 млн литр) алда.
Қаңтар-тамыз аралығында жергілікті компаниялар коньякқа сұраныстың 56,3%-ын қамтамасыз етті. Былтыр көрсеткіш 51,2% болғанеді. Айта кеткйік, осы уақыт аралығында өндіріс қана емес, импорт та азайып кетті. Импорт 32,5% азайып, 4,6 млн литр болды. Ішкі нарықтағы сатылым 7,4 млн литр болды. Былтырғыдан 47,3% аз. Ал экспорт 74,6 есе өсіп 3,2 млн литр болды.
Отандық өндірушілер шарапқа сұраныстың 56,4%-ын қамтамасыз етті, Былтыр көрсеткіш 66,3% болған еді. Импорт үлесі 43,6% болды. Импорт көлемі 8,5 млн литр болды, өткен жылғыдан 15,1% көп. Ішкі нарықтағы сатылым 11,1% азайып 19,4 млн литр болды.
Араққа сұраныстың 79,2%-ын отандық компаниялар қамтамасыз етті. Былтыр көрсеткіш 84,6% еді. Өндіріс көлемі 17% ұлғайып 22,4 млн литрге жеткенде импорт 68,9% өсіп 5,9 млн литр болды. Ішкі нарықта 25,6 млн литр сатылды. Бұл былтырғыдан 13,1% көп.
Сыраға сұраныстың 91,6%-ын отанлық компаниялар қамтамасыз етті. Былтыр көрсеткіш 92,1% болған. Импорт бар болғаны 46,8 млн литрді құрады, былтырғыдан 12,8% өскен. Ішкі нарықта сату 5,1% артып, 542,9 млн литрді құрады.
Қыркүйек айы қорытындысы бойынша алкоголь өнімдері 7,4% қымбаттады. Соның ішінде шарап 8,7%, сыра 7,7%, арақ 6,5% қымбаттады.
Өңірлер бойынша ең қаттықымбаттаған ШҚО (9,9%), БҚО (9,4%), Қарағанды мен Қостанай облыстарында (9,3%-дан). Ең аз қымббатаған өңір Шымкент (3,7%).