2021 қаңтар-шілде аралығында Қазақстан жалпы құны 3 млн 650 мың долларға жиһаз экспорттады. Бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 2 есе көп, деп хабарлайды «QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспорт орталығы.
Экспорттың 35,9%-ы пластмассадан жасалған бұйымдар болса, 12%-ы металл бұйымдар, тағы 10,4%-ы ағаштан жасалған.
Негізгі импорттаушылар Өзбекстан 1 млн 193 мың доллардың затын сатып алды, одан кейінгі Ресей (862,2 мың доллар), үшінші орында Қырғызстан (706,4 мың доллар), Армения (271,2 мың доллар) және Тәжікстан (173,2 мың доллар).
Айта кетерлігі, биыл Өзбекстан Қазақстан жиһазын былтырғымен салыстырғанда 9 есе көп алды.