Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2024 жылғы наурызда негізінен заңды тұлғалар депозиттерінің 1,5%-ға 15,7 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 1,0%-ға 34,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жеке тұлғалардың депозиттері бір айда 0,5%-ға 18,7 трлн теңгеге дейін өсті.
Ұлттық валютадағы депозиттер 2024 жылғы наурызда 1,6%-ға 26,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында 1,1%-ға 7,9 трлн теңгеге дейін, оның ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы аясында қайта бағалау нәтижесінде азайды. Нәтижесінде 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша долларландыру деңгейі 22,9%-ды құрады (2024 жылдың басында – 23,2%).
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2024 жылғы наурызда 13,6%-ды (2024 жылғы ақпанда– 14,0%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 13,8%-ды құрады (2024 жылғы ақпанда – 13,6%).