Елдегі өмір сапасы көбінесе жан басына шаққандағы ЖІӨ арқылы бағаланады. Статистика бюросы деректері бойынша Қазақстанда бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өмір сапасы 2,4 млн теңге.
Бұл көрсеткіш елдер үшін ғана емес, сонымен қатар олардың жекелеген өңірлері үшін де есептеледі. Ол жан басына шаққандағы ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім) деп аталады.
Қаңтар-маусым айларында бұл көрсеткіш тек 8 өңірде республикалық көрсеткіштен жоғары болды. Көшбасшы болып Атырау облысы (9,5 млн теңге) тұр. Алматы одан әлдеқайда артта қалды (4,4 млн теңге). Бір қызығы, Ұлытау облысы (3,4 млн теңге) Астанадан (3,5 млн теңге) озып кетуге сәл ғана қалды.
Оңтүстік өңірлерде жағдай онша емес. Абсолютті аутсайдер – Түркістан облысы (0,7 млн теңге). Бұл Атырау облысымен салыстырғанда 13,5 есе аз. Бір ғана жақсы жаңалық – «ең бай» мен «ең кедей» өңірдің арасындағы алшақтық жыл сайын азайып келеді. Салыстырсақ, 6 жыл бұрын бұл 19 есеге жуық болған еді.