Jusan Analytics тобы Кореяның Орталық банкі және Білім саласындағы серіктестік бағдарламасы (KPP team) өкілдерімен кездесті. Бұл жүздесу Корея Банкінің Қазақстандағы жетекші экономикалық институттар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне бару бағдарламасы аясында өттіДелегация Қазақстанға сапары барысында Ұлттық банкпен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Дүниежүзілік банкпен, Халықаралық валюта қорымен және Jusan Analytics өкілдерімен кездесулер өткізді.

Jusan Analytics тәуелсіз талдау орталығына банк секторының жағдайы мен шетелдік компаниялардың экономикаға араласуы жайында сауалдар жолданды. Соның нәтижесінде Корея тарапы Қазақстан экономикасы туралы реттеуші органдар және нарық тұрғысынан да жан-жақты түсінік алды.

Корея тарапы несиелердің ЖІӨ-ге қатысты қатынасының төмендігі мәселесіне тоқталып, банк жүйесінде өзекті түйткілдердің болуына алаңдаушылық білдірді.  Атап айтсақ, 2017 жылдан бері несиелердің ЖІӨ-ге қатынасы 25%-дан аспайды.

«Аталмыш проблема экономиканың экспортқа бағытталған құрылымының және шикізат секторының жоғары үлесінің салдарынан туындап отыр. Ірі кәсіпорындар іс жүзінде отандық банктерден несие алмайды. Тек қысқа мерзімді операциялық қажеттіліктерге қарыз алуы мүмкін. Сонымен қатар, шет мемлекеттердің қатысы бар компаниялар Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың шамамен 50%-на ие және олар инвестицияны банк секторының қатысуысыз-ақ, тікелей алады», – деп атап өтті Jusan Analytics сарапшылары.


Сондай-ақ, бұрынғы қалпына келтіру процесі, AQR және бірқатар талапты күшейткеннен кейін отандық банк жүйесінің айтарлықтай тұрақталғаны атап өтілді. Қазақстан банктері өтімділіктің жоғары көлеміне ие – өтімді активтердің үлесі 38%-ға тең. Бұл ретте, шекті көрсеткіш 20%-дан төмен. Капиталдың жаппай кетуіне қатысты алғышарттар жоқ. Ал капитал деңгейі ықтимал күйзелістерді жұту үшін жеткілікті деңгейден жоғары – капитал жеткіліктілігінің орташа коэффициенті (k-1) 7,5% пруденциалдық нормативі негізінде 23,2%-ға тең.

Сонымен қатар, Jusan Analytics тобы кореялық әріптестерімен Қазақстандағы экономикалық жағдайды бақылауға мүмкіндік беретін өздерінің экономикалық индекстерінің әзірленуімен, валюта нарығының, банк секторының, экспорттың жай-күйі бойынша зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Мемлекеттік қарыз бойынша ақпараттермен және болашаққа арналған мегатрендтермен таныстырды.

Jusan Analytics – Jusan тобының зерттеу орталығы. Басты мақсаты – тиімді шешімдер қабылдау және өз байлығын ұтымды басқару үшін ақпараттық және сараптамалық қолдау көрсету арқылы қоғам мен бизнеске экономиканы түсінуге қолдау білдіру.