Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мен ұйымға кірмейтін мұнай экспорттаушы елдер (ОПЕК+) бағаны көтеру үшін өндірісті азайтқанымен, АҚШ-тағы өндірістің артуының салдарынан баға қымбаттамауы мүмкін деген болжам айтады ОПЕК+ келісіміндегі Иранның ресми өкілі Афшин Джаван. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.
«Бұл бағаны көтеру стратегиясы келісімге кірмейтін елдердің, әсіресе АҚШ-тың экспортының артуына әсер етті. Бұл ОПЕК+ өнлірісі шектеуін әлсіретуіне мүмкіндік қалдырмайды», — деп жазады ол Иранның мемлекеттік Shana ақпараттық агенттігіне шығарған мақаласында.
Bloomberg топтың негізін қалаушылардың бірі үшін ОПЕК саясатын әдеттен тыс сынаған мақаланың мұнай өндіруші елдер өкілдерінің бұрын қысқартылған өндіріс көлемін қалпына келтіру жоспарларын талқылау үшін кездесетін күнге орайластырып жазып отыр.
Джаванның айтуынша, кейбір африкалық мүшелер, соның ішінде Габон мен Конго мүшелік жарнаны төлеуге мүмкіндіктері болмағандықтан ұйымнан кетуі мүмкін.
ОПЕК+, Сауд Арабиясы және Ресей басқаратын ОПЕК-ке кірмейтін мүшелердің альянсы 2022 жылдан бері тоқтатылған өндірісті қалпына келтіруге ұмтылуда, бірақ мұнай бағасының төмендеуіне байланысты өндіністі көбейтуді кейінге қалдыруға мәжбүр болды. ОПЕК+ ұсынысының жоспарланған ұлғаюы 2025 жылы артық ұсынысқа әкелуі мүмкін, деп ескертті Джаван.
Соңғы төрт жылда ОПЕК+ өндірісінің қысқаруы АҚШ-тың тақтатас мұнайы өндірісінің ұлғаюына әкелді, ол 2020 жылдан бері тәулігіне 2 млн баррельге өсті.
Джаванның айтуынша, биыл ОПЕК шикі мұнайына сұраныс азаюы мүмкін. Оның бағалауы ОПЕК-тің Венадағы зерттеу бөлімшесінің ұйым мүшелерінің мұнай өндіруге сұранысының артып отырғанын көрсететін болжамдарына мүлдем қайшы келеді.