2023 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 1,6 трлн теңгені құрады (НКИ – 119%). Оның 53% – ірі кәсіпорындар жүзеге асырды.
Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі көзі инвесторлардың меншікті қаражаты жалпы көлемнің 82%, яғни 1,3 трлн теңге құрады.
Ал бюджеттен түскен қаражат көлемі 135 млрд теңгені құрады (ИОК жалпы көлемінде 8%). Бұл ретте жекелеген өңірлерде инвестициялардың жалпы көлемінде – Жетісу (43%), Түркістан (35%) және Шығыс Қазақстан (30%) облыстарында бюджет қаражатының үлкен үлесі байқалады.
Аймақтар арасында инвестициялар көлемі бойынша Атырау облысы әлі де көш бастап тұр – 424 млрд теңге немесе жалпы көлемінің 26% құрады. Бұл ретте олардың 89% тау-кен өндіру саласына жіберілді.
Көшбасшылардың бестігіне Алматы (149 млрд), Астана (122 млрд), Маңғыстау (109 млрд) және Ақмола (103 млрд) облыстары кіреді.
Ал инвестициялардың ең аз көлемі Ұлытау және Жетісу облыстарында тіркеліп, 17,1 млрд және 16,7 млрд теңгені құрады (немесе ел инвестицияларының жалпы көлемінде 1% - дан).
Айта кетейік, еліміздің 19 өңірі капитал салымдарының өсімін көрсетті, Ұлытау облысы (2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда+73%) және бір ғана өңір (Абай облысы) инвестициялар көлемінің 4,5% қысқарғанын көрсетті.
Салалар бөлінісінде ең үлкен үлесті тау-кен секторы (39%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (21%) және көлік, қоймалау (10%) иеленді.
Осылайша, инвестициялардың оң динамикасын атап өтуге болады. Себебі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты өсім 19% құрады. Дегенмен, инвестициялардың салалық құрылымы, сондай-ақ олардың өңірлік бөлінуі өзгеріссіз қалып отыр.