Ұлттық статистикалық бюроның мәліметі бойынша, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елімізге 834,9 мың шетелдік турист келген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 225 мың адамға көп. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 37%-ға өсті. Туризм және спорт министрлігінің статистикасы бойынша 2022 жылы елімізге 609,8 мың шетелдік келген.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанға келетін шетелдік туристердің географиясы жыл сайын артып келеді. Мәселен, Қазақстанға жақын көршілерінен бөлек шет мемлекеттерден де саяхатшылар келе бастады.

2023 жылдың тоғыз айында елімізге саяхатшылардың басым бөлігі Ресей Федерациясынан келген. Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанға 356 850 мың ресейлік келген. Екінші орынды қытайлық туристер иеленді. Шығыстағы көршімізден елімізге 75 131 адам келген. Ал Түркиядан келген туристер үшінші кезеңде – 41 134 турист аялдады. Үздік бестікке Үндістан (34 757) және АҚШ (28 160) саяхатшылары да кірді.

«Жыл сайын шетелдік туристердің Қазақстанға қызығушылығы артып келе жатқанын көріп отырмыз. Мәселен, 2022 жылы елімізге 900 мыңнан астам шетелдік келсе, өткен жылдың тоғыз айында 800 мыңнан астам шетелдік қонақ келген. Биыл бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болады деп сенеміз. Өйткені, елде шетелдіктерді таң қалдырып, табиғи сұлулығымен көз тартатын әсем жерлер көп. Сондай-ақ, министрлік кең байтақ елімізге келген әрбір саяхатшыға ұмытылмас әсер қалдыру үшін жұмыс жасауда», – деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.