Қазақстандықтардың шетел валютасына сұранысы 2020 жылдың сәуір айынан бергі минимумға төмендеді. Яғни, коронавирус келген кездегідей ғана сұраныс бар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, сәуір айында негізгі үш валютаның (доллар, еуро және рубль) таза сатылымы 85,3 млрд теңгені құрады. Яғни, қазақстандықтар шетел валютасын сатудан түскен ақшасы сатып алуға жұмсағанынан осыншалықты көп.
- 2023 жылдың наурыз айында көрсеткіш 147,7 млрд теңгені құрады
- 2022 жылдың сәуір айы – 226,1 млрд теңге
- 2022 жылдың орташа деңгейі айына 202 млрд теңге; 2021 жыл – 259,8 млрд теңге.
Доллардың таза сатылымы наурыздағы 122,8 млрд теңгемен салыстырғанда 73,2 млрд теңгені құрады. Таза сұраныс 2022 жылдың маусымынан бергі ең төменгі деңгейде.
Сәуірде еуроның таза сатылымы 11,3 млрд теңгені құрады (наурызда – 23,4 млрд теңге). Бұл 2021 жылдың мамырынан бергі ең төменгі көрсеткіш.
Халық рубльді сатып алғанға қарағанда жиі сатты. Сәуірдегі айырмашылық 653,3 млн теңгені құрады.
2023 жылдың 4 айына жалпы республика бойынша долларға таза сұраныс 458,7 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,3% аз. 2021 жылмен салыстыратын болсақ, онда өсім бар: 4 айдағы таза сатылым 405,2 млрд теңгені құрады.
2021 жылғы қаңтар-сәуір ресей валютасына таза сұраныс 214 млрд теңгені құрады; 2022 жылы – 227,1 млрд теңге. Қазір ол минус 9,1 млрд теңгені құрап отыр. Бұрын-соңды болмаған рубльден халық арылып жатыр.
Еуроға сұраныс өсуде, бірақ баяу. 2023 жылы таза сұраныс 85,9 млрд теңгені құрады. Бір жыл бұрын – 82,4 млрд теңге, ал 2021 жылы – 76,5 млрд теңге.