Қазақстандықтар маркетплейстерде 1,8 трлн теңгеге сауда жасады, бұл бір жыл бұрынғыдан 60% көп.
Бұл мемлекеттің бір жыл ішінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына жұмсағанымен шамалас.
ҚР СЖРА ҰСБ деректері бойынша ҚР-дағы электронды коммерция платформалары арқылы тауарлармен жасалған бөлшек сауда көлемі 2023 жылы 1,77 трлн теңгеге жетті (былтырғы көрсеткіш — 1,1 трлн теңге). Ауқымын салыстырсақ: өткен жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа кеткен мемлекеттік бюджеттің шығыны – 1,9 трлн теңге, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке – 1,6 трлн теңге жұмсалған.
Маркетплейстердегі тауарларға жұмсалған әрбір төртінші теңге телефон мен гаджеттерге кеткен. Осы санаттағы жалпы сома 486,2 млрд теңгені құрады, бұл Абай облысы немесе ШҚО сияқты өңірлер бюджеттерінің жылдық шығынынан көп.
Бірақ маркетплейстер — интернетте ақша жұмсауға болатын жалғыз орын емес. Қазақстандықтар тауарларды сатушылардың өз ресурстарынан да сатып алған, мұнда бөлшек сауда сегментінде тағы 672,2 млрд теңгеге сауда жасаған. Оның үштен бірі киім, аяқ киім немесе спорт тауарларына кеткен. Айтпақшы, жеке сайттардағы жалпы бөлшек сауда азайып бара жатыр — бір жылла минус 21%.
Алайда трансшекаралық электронды сауда қарқынды түрде өсуде. Бұл жерде ҚР-дан тыс жерлерде тауарлар мен қызметтер үшін қазақстандық карталардан алынған онлайн-төлемдер туралы айтып отырмыз. Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылы көлемі 1,2 трлн теңгеге жақындап, бір жылдп 2,3 есе өскен. Транзакция санының өсу қарқыны да осы шамалас, 104,8 млн бірлікке жеткен.