2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қор нарығын капиталдандыру ақпанда есепті кезеңде борыштық бағалы қағаздарды ірі өтеу нәтижесінде 0,9 трлн теңгеге азайып, 35,1 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бері 1,3%-ға төмендеу).
Акциялар нарығын капиталдандыру 0,8%-ға немесе 0,2 трлн теңгеге 21,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
2023 жылғы ақпанда KASE индексі 3 338,9 тармаққа дейін 1,2%-ға өсті. 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 91 эмитенттің 105 акциясы болды, олардың 44 шығарылымы KASE Global секторында айналысқа жіберілді. Ағымдағы жылғы ақпанда акциялармен сауда-саттық көлемі 2023 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 47,7%-ға немесе 9 млрд теңгеге ұлғайып, 28 млрд теңгені құрады.
Корпоративтік облигациялар нарығы облигацияларды өтеу, сондай-ақ сақталып отырған жоғары ставкалар аясында борыштық қаржыландыруды тартудың баяулауы нәтижесінде 2023 жылғы ақпанда 7,8%-ға немесе 1,1 трлн теңгеге 13,3 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 1,1 трлн теңгеге төмендеу).
Корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі ағымдағы жылғы ақпанда 90 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 38,5%-ға немесе 56 млрд теңгеге аз.
2023 жылғы 1 наурызда KASE сауда-саттық тізімдерінде 83 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 344 шығарылымы болды.
2023 жылғы ақпанда KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 39,3%-ға немесе 72 млрд теңгеге 112 млрд теңгеге дейін азайды.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2023 жылғы ақпанда 2,8%-ға немесе 620 млрд теңгеге 22,5 трлн теңгеге дейін өсті.
2023 жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бір айда 8,9%-ға немесе 46 млрд теңгеге азайып, 470 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 16,4%-ға немесе 74 млрд теңгеге 376 млрд теңгеге дейін төмендеді.
2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ұжымдық инвестициялар нарығында 46 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 24 аралық, 21 жабық және 1 ашық пай қоры.
Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтер негізінен инвестициялық пай қорларының портфелінде мемлекеттік емес бағалы қағаздар құнының төмендеуі есебінен ағымдағы жылғы ақпанда 1 млрд теңгеге немесе 0,5%-ға азайып, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 216 млрд теңгені құрады.
2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 181 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 83,6%-ын бағалы қағаздар портфелі құрады, оның 94,1%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.
Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 39 брокер мен дилер (15 банк және 23 банктік емес ұйым), 10 кастодиан банк, 20 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 2 инфрақұрылымдық ұйым: KASE және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді. Бұдан басқа, КASE негізінде орталық контрагент жұмыс істейді.
Ағымдағы жылғы ақпанда инвесторлар санының өсуі жалғасты. Депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 613 761 қосалқы шотқа дейін 31 995-ке немесе 5,5%-ға өсті (2023 жылдың басынан бастап 11,6%-ға немесе 63,4 мың қосалқы шотқа өсу).
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері ағымдағы жылдың ақпан айында 5,2%-ға ұлғайып, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 597 млрд теңгені құрады. 2023 жылғы ақпанда міндеттемелер 9,7%-ға 173 млрд теңгеге дейін өсті. Меншікті капитал 3,4 %-ға 424 млрд теңгеге дейін өсті.