Биыл бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, елімізде 36,5 млрд теңгеге пошта және курьерлік қызмет көрсетілді, бұл былтырғыдан бірден 38,2% артық. Инфляцияны ескере отырып нақты өсім 30,5% болды. Халыққа 11,8 млрд теңгенің қызметі көрсетілді, бұл сектордағы барлық қызметтің 32,3%-ы.

Салыстыру үшін: былтырғы сәйкес кезеңде пошта және курьерлік қызмет көлемі 26,4 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 2% аз.

Өңірлер бойынша қызметтердің басым бөлігі Алматыда көрсетілді: 20,4 млрд теңгеге – 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда бірден 39,1% артық.

Үздік үштікке сондай-ақ Астана (4,3 млрд теңге, бір жылда 50,7% өскен) және Қарағанды ​​облысы (1,5 млрд теңге, 37,5% өскен) кірді. Алғашқы бестікке Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстары да енген. Ең аз қызмет көрсетілген өңір Ұлытау: бар болғаны 55 млн теңге.

Сонымен қатар, биыл бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, ұлттық пошта компаниясы шығынға ұшырады, ал оның қызметіне тарифтердің көтерілуі құтқара ма, жоқ па, ол жағы белгісіз, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Қазпошта» АҚ-ның 2022 жылғы таза шығыны 12,4 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (7,1 млрд теңге) үштен екіге артық.