2023 жылдың үшінші тоқсанында елдегі орташа айлық жалақы 350,5 мың теңгені құрады, бұл былтырғыдан атаулы мәнде 16,9% артық. Бұл ретте инфляцияны есепке алғанда нақты өсім 3,5%.

Салыстыру үшін: былтыр осы кезеңде орташа айлық жалақы 299,8 мың теңге болған.

Өңірлер бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысында: 602,4 мың теңге – былтырғыдан атаулы мәнде 14,3% және нақты мәнде 2,8% артық.

Одан кейін Маңғыстау (519,1 мың теңге, нақты мәнде 2,2% көбейген) және Ұлытау (471,3 мың теңге, 5,4% көбейген) облыстары.

Ең төменгі орташа айлық жалақы Түркістан облысында: бар болғаны 248,9 мың теңге, бір жылда 1,8% көбейген. Оның алдында Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Салалар бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы дәстүрлі түрде тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу өнеркәсібіне тиесілі: 756,7 мың теңге – былтырғыдан атаулы мәнде 16,5% көп.

Ең көп төлейтін салалардың үштігіне сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметі (668,9 мың теңге) және ақпарат және байланыс саласы (525,8 мың теңге) кірді.

Елдегі ең төменгі жалақы төлейтін салалар қатарында өнер, ойын-сауық және демалыс; ауыл, орман және балық шаруашылығы; сумен қамтамасыз ету және су бұру салаларында.